28.12.2015, 15:31 4605

Астанада алғашқы сәлемдемелер супермаркеті ашылды

"Қазпошта" АҚ алғашқы сәлемдемелер супермаркетініӊ ашылғанын хабарлайды. Сәлемдемелер супермаркеті - Қазақстан бойынша сәлемдемелерді қабылдауға және жіберуге арналған, өзіне-өзі қызмет көрсету форматындағы жаӊа орталық

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазпошта" АҚ алғашқы сәлемдемелер супермаркетініӊ ашылғанын хабарлайды. Сәлемдемелер супермаркеті - Қазақстан бойынша сәлемдемелерді қабылдауға және жіберуге арналған, өзіне-өзі қызмет көрсету форматындағы жаӊа орталық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Осындай жоба ТМД елдерінде алғаш рет жүзеге асырылуда. Бүгінгі таӊда жаӊа қызмет түрі Астанадағы Қазпошта клиенттеріне қолжетімді, ал келешекте осындай орталықтар Қазақстанныӊ басқа қалаларында да ашылатын болады. Жаӊа қызмет сәлемдемелерді қабылдау мен жіберу уақытын қысқартып, компанияныӊ шығындарын үнемдейді" - деп мәлімдеді "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінен.

Сәлемдемелерді қабылдау үшін, клиент трек нөмірін және ұялы телефоныныӊ нөмірін супермаркетте орналасқан арнайы терминалдыӊ экранында тереді. Терминал керекті сәлемдемені жүйеден тауып, орналасқан сөресі, қатары және ұяшығыныӊ нөмірі жазылған талонды береді. Клиент бөлмеге кіріп, талон бойынша сәлемдемесін сөреден өзі алады. Шығарда клиент төлқұжатын кассадағы операторға көрсетіп, сәлемдені тексертіп, ақысын төлейді.

Сонымен қатар, супермаркет клиенті Қазақстанныӊ кез-келген өӊіріне сәлемдемені өзі жібере алады. Ол үшін, клиент сәлемдемені салуға арналған, бағасына ҚР бойынша жеткізу ақысы саналған және трек нөмірі жазылған қорапты сатып алуы қажет. Сәлемдемені арнайы орында қорапқа салып, терминалда трек нөмірді сканерден өткізіп, экранда "Жіберу" батырмасын басып, талонды алғаннан кейін, сәлемдемені сөреде қалдыру керек.

Алғашқы сәлемдемелер супермаркетініӊ мекенжайы: Астана қаласы. Тұран даӊғылы 37/9 ("Хан Шатыр" ойын-сауық орталығыныӊ сол жағында). Жұмыс кестесі: 08:00-ден 22:00-ге дейін, демалыссыз.

"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны