19.09.2018, 16:46 4178

Астанада Алматы облысыныӊ Мәдени күндері мен Астананыӊ 20 жылдығына орай жәрмеӊке ұйымдастырылды

Екі күн қатарынан өткен кеӊейтілген жәрмеӊкеде астаналықтарға нарықтағыдан төмен бағада сапалы өнімдер ұсынылды. Атап айтқанда 17,0 тонна ет өнімдері, 21,9 тонна сүт өнімдері, 12,4 тонна балық, 106,1 тонна көкөніс, сол сияқты 43,4 тонна жеміс-жидек, 43,3 тонна картоп және басқа да азықтар апарылды. Жалпы саны 48 түрлі өнімді жәрмеӊкеге келушілер ризашылықпен сатып алды.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше астаналықтар мен астана қонақтары ақ таӊнан "Қазақстан" спорт кешенініӊ жанында өтіп жатқан Алматы облысы тауар өндірушілерініӊ ауыл шаруашылығы жәрмеӊкесіне асықты. Бұл жәрмеӊкеге облыстыӊ 17 ауданы мен 3 қаласыныӊ шаруалары жалпы сомасы 270 млн. теӊге болатын 470 тонна сапалы азық-түлік әкелді. Алматы облысыныӊ Мәдени күндері мен Астананыӊ 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жәрмеӊкеге Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов, Астана қаласыныӊ әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасыныӊ орынбасары Владимир Божко және Парламент Сенатыныӊ депутаттары қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Екі күн қатарынан өткен кеӊейтілген жәрмеӊкеде астаналықтарға нарықтағыдан төмен бағада сапалы өнімдер ұсынылды. Атап айтқанда 17,0 тонна ет өнімдері, 21,9 тонна сүт өнімдері, 12,4 тонна балық, 106,1 тонна көкөніс, сол сияқты 43,4 тонна жеміс-жидек, 43,3 тонна картоп және басқа да азықтар апарылды. Жалпы саны 48 түрлі өнімді жәрмеӊкеге келушілер ризашылықпен сатып алды.

- Азық-түліктіӊ бағасы арзан. Мен Ескелді ауданыныӊ сатушысынан ет сатып алдым. Енді көкөністер мен жеміс-жидек қараймын. Осындай жәрмеӊкелер жиі болып тұрса деймін,- деп өз әсерімен бөлісті астаналық Серікбай Байтасов.

- Мені, әсіресе, ет пен картоптыӊ бағасы қуантты. Алматы облысыныӊ өткізетін жәрмеӊкесіне жиі келемін. Және әр келген сайын ет сатып аламын. Тауардыӊ түрі көп, қалағаныӊныӊ бәрін табасыӊ, - дейді жәрмеӊкеге келген Надежда Лужникова.

Келушілерге Жетісу өӊірініӊ шығармашылық ұжымдары концерт қойып, көӊілін көтерді.

Мұнан соӊ Алматы облысыныӊ Мәдени күндері бас қаланыӊ 20 жылдығына орай жетісулықтар жаӊғыртып, қайта ашқан "Жетісу" саябағында жалғасты.

Паркты аралап көргеннен кейін облыс әкімі Амандық Баталов құттықтау сөз сөйледі.

- Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Баршаӊызды бас қаламыздыӊ 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Астана қаласындағы Алматы облысыныӊ күндері аясында ұйымдастырылып отырған "Жетісу" паркіндегі шараға қош келдіӊіздер. Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде "Астана -бейбітшілік пен жасампаздықтыӊ ордасы"болып отыр. Астананыӊ өсіп-өркендеуіне барлық өӊірлер атсалысуда. Бұл қатарда Алматы облысыныӊ тұрғындары да белсене үлес қосып келеді. Дәстүр бойынша бас қаланыӊ туған күніне орай жетісулықтар "Арай" саябағын қайта жаӊғыртып, "Жетісу" деп атап, астаналықтаға жаӊа келбетте тарту еттік. Елбасы өзі келіп көріп, жақсы бағасын берген осы саябаққа әрбір астаналық, қаланыӊ әр қонағы келіп, Жетісудыӊ көрнекті табиғатыныӊ бір бөлшегімен танысуға мүмкіндік алғанына қуаныштымыз. Шарын шатқалы, Балқаш көлі, Таӊбалытас, Есік қорғандары - бәрініӊ бір-бір үзігін осы саябақтан таба аласыздар. Осыныӊ бәрі Астананыӊ сәулетіне үйлесімде жасалды. Бізді қолдағандарыӊызға ризашылығымды білдіре отырып, Астананыӊ 20 жылдығымен тағы бір мәрте құттықтаймын! - деді А. Баталов өз сөзінде.

Шара саябақты салуға атсалысқан азаматтарды марапаттау салтанатымен жалғасты. Алматы облысы әкімініӊ Құрмет грамоталары құрылыс және мердігерлік компаниялардыӊ басшылары мен жұмысшыларына, инженерлерге, сәулетшілерге, мүсіншілерге тапсырылды. Осы мамандардыӊ бірлескен жұмысыныӊ нәтижесінде, жауаптылығы мен шығармашылық қызметініӊ арқасында парктіӊ жаӊа тынысы ашылды.

Жетісулық өнер ұжымдарыныӊ концерттік бағдарламасы қойылып, астаналықтардыӊ назарына ұсынылды. Олардыӊ қатарында М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, "Алтынай" мемлекеттік халықтық би ансамблі, "Сүйінбай сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі, "Жерұйық" тобы, "Үшқоӊыр" триосы да болды.

Атап өтсек, елорданыӊ 20 жылдығына орай Талдықорған қаласында Астана даӊғылы, сондай-ақ Алакөл ауданында "Астана" саябағы ашылған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны