20.10.2011, 13:39 3612

Астанада Алматы, Павлодар, Батыс-Қазақстан облыстарының күндері өтеді

ҚР Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, елордаға 25-26 қазан күндері Алматы, Павлодар, Батыс-Қазақстан облыстарының ресми делегациялары келеді.

Астана. 20-қазан. Kazakhstan Today - Астанада Алматы, Павлодар, Батыс-Қазақстан облыстарының күндері өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпаратты агенттігінің хабарлауынша, Астанада 25-26 қазан күндері Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аймақтар Күні өз жалғасын табады.

ҚР Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, елордаға 25-26 қазан күндері Алматы, Павлодар, Батыс-Қазақстан облыстарының ресми делегациялары келеді.

Астанадағы Аймақтар күнінде қонақтар елордаға өз өңірлерінің бар жақсысы мен ерекшелігін көрсетіп, ұсынады. Астаналықтарды ауылшаруашылық жәрмеңкесі, көрме және концерттік бағдарламалар күтіп тұр.

26 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында 25-26 қазан күндері Алматы, Павлодар, Батыс-Қазақстан облыстары өнер шеберлерінің бірлескен концерті өтеді. Концертте аталған облыстардың өнерпаздары өз өнерлерін Астана жұртшылығына паш етеді. Концерттік бағдарламада үш облыстың бірлескен қазақ ұлт аспаптар оркестрі, би ұжымдары, фольклорлық, домбырашылар мен скрипкашылар ансамбльдері, сондай-ақ елімізге танымал жеке орындаушылар өнер көрсетеді. Олардың орындауында жергілікті ақын-композиторлардың шығармалары шырқалады.

Алғаш болып аймақтар Күнін 8-9 қыркүйекте Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары ашқан болса, 28-29 қыркүйекте Астанада Қостанай, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан, ал 11-12 қазанда Маңғыстау, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарының Күндері өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны