26.10.2011, 13:38 4932

Астанада Алматы, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтуде

Жәрмеңкеде 177,2 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерінің 50-ден астам түрі сатылады, оның ішінде 90,5 тонна ет өнімдері, 160 тонна көкөніс, 74 тонна жеміс, 100 тонна картоп, 0,5 тонна сүт өнімдері, 2,1 тонна ұлттық өнімдер, 20 тонна балық өнімдері мен 190 тонна өзге де тауарлар бар. Тауарлар Астана қаласының көтерме және коммуналдық базарларының бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылады, деп айтылған таратылған хабарламада.

Астана. 26-қазан. Kazakhstan Today - Астанада 25-26 қазан күндері Алматы, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының Мәдениет күндері бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жәрмеңкеде 177,2 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерінің 50-ден астам түрі сатылады, оның ішінде 90,5 тонна ет өнімдері, 160 тонна көкөніс, 74 тонна жеміс, 100 тонна картоп, 0,5 тонна сүт өнімдері, 2,1 тонна ұлттық өнімдер, 20 тонна балық өнімдері мен 190 тонна өзге де тауарлар бар. Тауарлар Астана қаласының көтерме және коммуналдық базарларының бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылады, деп айтылған таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, аймақтар күні аясында елордалықтар назарына түрлі мәдени шаралар да көптеп ұсынылады. Мәдени бағдарламаның қорытындысында Бейбітшілік және келісім сарайында үш облыстың өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны