12.06.2017, 18:44 4193

Астанада Алматыныӊ мәдени күндері ашылды

Бүгін Астанадағы "Қазақстан" Орталық концерт залында "Махаббатпен, Алматыдан" атты Алматыныӊ мәдени күндері салтанатты түрде ашылды. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында 11-19 маусым аралығында 400- ден астам алматылық артистер астана тұрғындары мен қонақтарын өнерлерімен қуантатын болады

Астана. 12 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астанадағы "Қазақстан" Орталық концерт залында "Махаббатпен, Алматыдан" атты Алматыныӊ мәдени күндері салтанатты түрде ашылды. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында 11-19 маусым аралығында 400- ден астам алматылық артистер астана тұрғындары мен қонақтарын өнерлерімен қуантатын болады,- деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ құттықтау сөзінде Астананыӊ рөлі ерекше екенін атап өтті, Мемлекет басшысыныӊ Астана халқымыздыӊ бірлігі мен келісімініӊ, болашаққа деген сенімініӊ, зор мүмкіндіктерініӊ символы деген сөзін келтірді.

"Ару Астана -Тәуелсіздіктіӊ символы, Еуразия жауһары, Президентіміздіӊ кемеӊгерлігі мен көрегендігініӊ айғағы. Астана - Қазақстаннныӊ жетістігін, болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Барлық қазақстандықтар жақсы көретін Алматы - ел тарихына тәуелсіздіктіӊ "Алтын бесігі" ретінде енді. Президенттіӊ тұрақты қамқорлығы арқасында Алматы заманауи мегаполиске айналып, европалық қалалармен бәсекеге түсе алады. Астанадағы Алматы қаласыныӊ мәдени күндері аясында біз сіздерге Елбасы ұсынған ұлттық жаӊарудыӊ жеке ұлттық кодын көрсететін еліміздіӊ бай мәдени мұрасын ұсынамыз", - деді Алматы әкімі.

Б.Байбек Президенттіӊ халықаралық жоғары мәртебесі арқасында "ЭКСПО -2017" көрмесініӊ Астанада өтіп жатқандығын айтты.

"ЭКСПО - 2017" - бұл заманауи технология мен инвестиция тарту ғана емес, сонымен қатар сананы өзгерту, инновациялық ойлауды қалыптастыру. ЭКСПО - бұл Елбасы ұсынған рухани жаӊғырудыӊ бір жобасы", - деді ол.

"Алматыдан махаббатпен" мерекелік концертіне қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Айқын, Луина, "Досмұқасан", "Рензо", "Аюми", "Кешью", "Жігіттер" топтары, "Сарын" дуэті, "Салтанат" ансамблі, "Бала дауысы" балалар байқауыныӊ женімпаздары және басқалары қатысты.

12-16 маусым аралығында Алматыныӊ мемлекеттік қуыршақ театры Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында күніне екі рет қазақ және орыс тілдерінде "Құлыншақ пен бөлтірік" және "Көӊілді аюлар" атты үздік спектакльдерін ұсынады.

11-19 маусым аралығында "Алматыныӊ этно - ауылы" көрме жәрмеӊкесі өтеді, мұнда елу үздік суретші мен қолөнерші өз бұйымдарын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізеді. 17 маусым күні "Сазген сазы" фольклорлық - этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.

18 маусымда өтетін "Асқар таулы Алматы" мерекелік концерті Алматыныӊ елордадағы мәдени күндерін қорытындылайды. Аталған концерт "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ аумағындығы амфитеатрда өтеді. Концертке Асылбек Еӊсепов, Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мұсаев, Сәуле Жұмабай, "Ұлытау", "Арт-Дала", "Алаш Ұлы" топтары, "Жетіген", "Сазген Сазы", "Салтанат" ансамбльдері, Н.Ишіровтыӊ домбырашылары, "Арлан" театры және басқалары қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны