18.01.2017, 16:04 5700

Астанада Антарктидаға сапардыӊ қорытындысы жасалды

Бұл отандастарымыздыӊ Ақ құрлыққа жасаған алғашқы сапары емес. Алғаш рет ҚазГео командасыныӊ 15 мүшесі Антарктидаға 2011 жылы барған болатын. Содан кейін олар Арктика мен Антарктикада екі рет болып қайтты.

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Антарктидаға барған "Тәуелсіздік полюсі" ғылыми-зерттеу экспедициясыныӊ қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Экспедиция 42 күн бойы өтті. Онда экспедиция мүшелері Антарктиданыӊ сарышұнақ сары аязында ғылыми зерттеулер жүргізіп қайтты. Экспедицияға команда капитаны Мағжан Сағымбаев, спортшылар Юрий Юшин, Ілияс Ғалымбеков, ғылыми қызметкерлер Дәулет Шәріпов, Арман Баймұхамедов пен команданыӊ жалғыз аруы - Илия Ерназарова қатысты. Олар Антарктиданыӊ Винсон шыӊына шығып, Оӊтүстік полюске шаӊғымен жетті.

Брифингте ғылыми сапар туралы Қазақ географиялық қоғамы" ҚБ төралқа төрағасы Төлеген Тастанбеков баяндады. Ол экспедицияныӊ мәні мен маӊызы туралы кеӊінен айтып берді.

"Жобаныӊ барлық үш кезеӊі сәтті өтті. Біздіӊ қыз-жігіттер Винсон шыӊына шығып, шаӊғы экспедициясы мен ғылыми зерттеулерді жүргізіп қайтты. Еліміздіӊ тарихында алғаш рет Тәуелсіздік күні Қазақстанныӊ мемлекеттік туы Антарктиданыӊ еӊ биік нүктесіне көтерілді. Экспедицияға қатысушылар отандасмтарымызға екі рет сый жасады. Яғни, олар 16 желтоқсанда Винсон шыӊынан елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, 31 желтоқсанда Оӊтүстік полюсінен жаӊа жыл қарсаӊында құттықтау сөздерін жолдады. Экспедиция көптеген адамдардыӊ атсалысуымен жүзеге асты. Осыған орай, мен шын жүректен Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы QazaqGeography қамқоршылық кеӊесініӊ төрағасы Кәрім Мәсімовке, QazaqGeography басқарма кеӊесініӊ төрағасы Қанат Байғаринге, ҚХА төраға орынбасары Ералы Тоғжановқа, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа, "Бәйтерек" холдингініӊ басқарма төрағасы Ерболат Досаевқа, "Қазақ Географиялық Қоғамы" ҚБ қамқоршылар кеӊесініӊ төрағасы Нұрлан Абдуовқа, Назарбаев Университетініӊ президенті Шигео Катсуға, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ніӊ ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа, Д.С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ніӊ бірінші проректоры Нүргүл Хамзинаға, сонымен бірге журналистер, блогерлер мен барша Қазақстан халқына бізге сенім артып, қолдау көрсеткендеріӊіз үшін алғысымды білдіремін. Шын жүректен сіздерге үлкен рақмет!", - деді ол.

Атлеттер Мағжан Сағымбаев, Юрий Юшин, Ілияс Ғалымбеков мен дәрігер Дәулет Шәріпов Оӊтүстік полюске алғаш рет барған қазақстандық шаӊғы экспедициясыныӊ мүшелері болып отыр. Олар 11 күнде 217 шақырымды мұздыӊ үстімен жүріп өтті.

Жиында QazaqGeography Алматы қаласы өӊірлік өкілдігініӊ басшысы, экспедиция тобыныӊ жетекшісі Мағжан Сағымбаев та Антарктидада алған әсерлерімен бөлісті. "Экспедиция капитаны болғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен құрмет, сол себептен біздіӊ командамыздыӊ әрбір мүшесі 100 пайызға жұмыс істеді. Ирине, жолда қиын жағдайларда да болды. Дегенмен біз қандай қиындық болса да оныӊ бәрін жеӊе білдік. Бізге қолдау көрсетіп, сенім артқан барша қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Антарктидада экспедиция барысында жинаған баға жетпес өмірлік тәжірибе үшін және бірегей мүмкіндік үшін ҚазГео-ге және меніӊ достарыма алғысым шексіз",- деді ол.

Экспедицияныӊ ғылыми бөліміне биология саласында және Антарктиданыӊ төтенше жағдайында адам физиологиясына әсер беретін деректерді талдаған жас қазақстандық ғалымдардыӊ зерттеулері енді. Алдағы кезде соныӊ нәтижесі бойынша дөӊгелек үстел мен шеберлік сабақтар өткізіледі. Осыған байланысты экспедицияныӊ ғылыми қызметкері Арман Баймұхамедов жақын арада сапардыӊ қорытындысы жан-жақты зерттеліп, ғылыми жұмыстардыӊ нәтижесі шығатынын, оған мамандар талдау жасайтынын атап өтті.

"Антарктидаға жер-жүзініӊ көптеген ғалымдары келеді. Оны зерттегісі келетін адамдар өте көп. Сондықтан біз ғылыми-зерттеу экспедициясыныӊ мүшесі болғанымыз үшін қуаныштымыз. Біздіӊ ғылыми тобымыз адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау саласында зерттеулер жүргізу үшін көптеген деректер жинады. Юнион Глетчер базасында болғанымызда шетелдік ғалымдармен танысып, Антарктиданы зерттеген жетекші елдердіӊ зерттеу тәжірибелерін қабылдап келдік. Енді сапардлыӊ нәтижесіне талдау жасайтын боламыз", деді жас ғалым.

Бұл отандастарымыздыӊ Ақ құрлыққа жасаған алғашқы сапары емес. Алғаш рет ҚазГео командасыныӊ 15 мүшесі Антарктидаға 2011 жылы барған болатын. Содан кейін олар Арктика мен Антарктикада екі рет болып қайтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны