11.05.2014, 19:27 2669

Астанада Astana Piano Passion жас пианистердің халықаралық байқауы басталды

Байқаудың ресми порталы хабарлағандай, "Astana Piano Passion" Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында әлемге аттары аян болған жас дарынды музыканттардың керемет концерті өтеді.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астанада "Astana Piano Passion" Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианисттер байқауы басталды.

Байқаудың ресми порталы хабарлағандай, "Astana Piano Passion" Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында әлемге аттары аян болған жас дарынды музыканттардың керемет концерті өтеді.

Барлық балалар ірі халықаралық байқаулар сыйлығының иегерлері. Астанадағы жеңістерінен соң, олардың өнер көрсету кестелері бұрынғыдан да тығыздана түсті, жас шамаларына қарамастан, олардың әрқайсысы әлемнің түрлі елдерінде бірнеше мәрте жеке концерттерін берді. Астанадағы концерт аясында жас пианисттер Э. Григ, Р.Вагнер, Ф.Лист, Р. Шуман, С. Рахманинов және басқа да композиторлардың белгілі шығармаларын ойнауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 11 мамырда сағат 19.30-да "Астана-Опера" опера және балет театрының камералық залы сахнасында өнер көрсетеді.

Еске салсақ, 2013 жылы алғашқы байқау өтіп, онда әлемнің 20 елі мен 60 қаласынан келген 130 жас дарындар өз өнерлерін көрсетті. Қазақстан, Ресей, Украина, Жапония, АҚШ, Австралия, Оңтүстік жіне Солтүстік Корея, Дания, Италия, Армения, Сингапур және Қытайдан келген финалисттер Астана қаласының ең үздік концерттік алаңдарында Астана қаласы филармониясының Симфониялық оркестрімен өз өнерлерін көрсетуге мумкіндік алды.

Байқауға әлем елдерінің 18 жасқа дейінгі пианисттері қатысты. Байқаудың жалпы сыйлық қоры - 60 000 АҚШ долларын құраған болатын.

Бұдан басқа, "Astana Piano Passion" Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианисттер байқауы күндерінде Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтің және оның байқау лауреаттарымен бірге концерті, сондай-ақ РФ Президенті сыйлығының лауреаты Екатерина Мечетинаның жеке концерті өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны