03.02.2015, 17:59 3844

Астанада автобус жолаушысынан 67 келі есірткі заты тәркіленді

Қазіргі уақытта Астана қаласыныӊ ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасыныӊ қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру кешенді іс-шараларын жүргізуде. Бұл шараныӊ мақсаты - есірткі заттарын өткізу, жеткізу арналарын анықтау және құрықталған азаматтардыӊ елорда аумағындағы есірткі қылмысына қатыстылығын тексеру.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қ. ІІД Есірткі бизнесімен күресу басқармасыныӊ қызметкерлері Жамбыл облысыныӊ тұрғынынан 67 келі марихуана есірткі затын тауып алды, деп хабарлайды елорданыӊ ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"1 ақпан күні сағат 16.00 шамасында Қарағанды тас жолыныӊ бойында орналасқан "Қызылжар" бекетінде, жол-патрульдік полиция қызметкерлері құжаттар мен жүкті тексеру үшін рейстік автобусты тоқтатқан. ЕБКБ қызметкерлерініӊ тексеруі барысында және кинологтардыӊ қызметтік итініӊ көмегімен автобус жолаушыларыныӊ бірінен 67 келі марихуана есірткілік заты анықталып, тәркіленді", делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Өткізілген іс-шаралардыӊ арқылы ұсталған азаматтыӊ Жамбыл облысыныӊ 20 жасар тұрғыны екендігі және оныӊ бұдан бұрын да тонауға қатысты қылмыстық іске тартылғандығы анықталды.

Күдікті Астана қ. ІІД-ініӊ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК 297-бабыныӊ 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта Астана қаласыныӊ ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасыныӊ қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру кешенді іс-шараларын жүргізуде. Бұл шараныӊ мақсаты - есірткі заттарын өткізу, жеткізу арналарын анықтау және құрықталған азаматтардыӊ елорда аумағындағы есірткі қылмысына қатыстылығын тексеру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны