02.12.2018, 14:00 5305

Астанада "Азаттық - ұлттыӊ ары, Елбасы - елдіӊ бағы" тарихи-танымдық мерекелік іс-шарасы өтті

Шара барысында еліміздіӊ егемендік алған күннен бері қарайғы жылнамасынан сыр шертетін театрландырылған қойылым, танымдық бейнебаяндар ұсынылды. Танымал ақындар жыр-арнауларын тарту етіп, белгілі эстрада әншілері өнер көрсетті.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана қаласы әкімдігініӊ Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, "Руханият" орталығыныӊ ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Рухани жаӊғыру" және "Ұлы даланыӊ жеті қыры" бағдарламалық мақалаларына бағытталған "Руханият апталығы" аясында Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған "Азаттық - ұлттыӊ ары, Елбасы - елдіӊ бағы" тарихи-танымдық мерекелік іс-шарасы өтті.

Мерекелік іс-шараныӊ мақсаты: Көк байрақтай киелі, батыр бабалардыӊ аӊсаған арманындай қасиетті ел Тәуелсіздігініӊ қадір-қасиетін, бейбітшілік құшағындағы еркін елдіӊ егемендігін, ұлт мұратын арқалаған Тұӊғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ реформаторлық жемісті идеясын жас ұрпақ - жаӊа буынға дәріптеу, олардыӊ елдік және ерлік ұстанымдарын қалыптастыру, жүректеріне Ұлы дала еліне деген махаббат сезімін ұялату, шежірелі ата тарихымен ұлттық сананы бірегейлендіру. Ұлы даланыӊ рухани құндылықтары мен мұраларын насихаттау.

Шара барысында еліміздіӊ егемендік алған күннен бері қарайғы жылнамасынан сыр шертетін театрландырылған қойылым, танымдық бейнебаяндар ұсынылды. Танымал ақындар жыр-арнауларын тарту етіп, белгілі эстрада әншілері өнер көрсетті.

Іс-шараға депутаттар, зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен жалпы көпшілік шақырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны