07.06.2018, 17:57 7367

Астанада "Балалар әлемі: кітаптан өмірлік мұратқа" атты халықаралық балалар жазушыларыныӊ форумы өтуде

Негізі қазақ балалар әдебиетіне "Гарри Поттердей" әлемдік мега-бестселлер керек-ақ. Бұл жерде әӊгіме батыс әлеміндегі кітап нарығында ұлы бетбұрысқа түрткі болған, жанартаудай жарылыс-дүмпу жасаған және дамыған елдерде балалар әдебиеті секторыныӊ буырқана дамуына, өрлеуіне әкелген құбылыс, феномен туралы айтып отырмын.

Астана. 7 маусым. Kazakhstan Today - Балалар жазушысы - болашақ ұрпақтыӊ ұстасы. Мемлекеттіӊ ертеӊгі келбеті, ұлттыӊ өр рухы, келешектегі халықтыӊ дүниетанымы, адамныӊ талғамы балалар әдебиетінен қалыптасады. Демек, балалар әдебиеті - ұрпақ тәрбиесініӊ тал бесігі, тағылым-тәлім ордасы. Сондықтан да бұл сала ешқашан қамқорлықтан, жанашырлықтан қағажу қалмауы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Астанада "Балалар әлемі: кітаптан өмірлік мұратқа" атты халықаралық балалар жазушыларыныӊ форумындағы баяндамасында атап өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сонымен бірге, өз кезегінде балалар әдебиеті уақыттыӊ тамыр бүлкілін тап басып, заман сұранысына сезімталдық танытып, дәуір дидарындағы өзгерістерге ден қоюда да алдыӊғы қатарда жүргені абзал.

Көк шыбықты ат қып мініп, бәйгі атындай ойнақтаған бала кезімізде бізге арналған кітаптар да басқаша болатын. Жыр-қиссаларға ұқсайтын, шым-шытырық сюжетті, шырқау шегіне жеткенше үздіктіріп барып уф дегізетін ұзақ әӊгімелерді сүйсіне тыӊдайтынбыз.

Қазіргі жасын ғасырда болса, жасөскіндер көлемі бес жүз сөзден асатын әӊгімелерге тосырқай қарайды. Өйткені олар қас-қағым, тас түсім сәтте өзгеріп кететін қарқынды заманда өмір сүруде. Бұл балалар әдебиетінен де жаӊа формалар мен форматтарды, тәсілдер мен технологияларды талап етеді.

Егер мұны ескермесек, заман талабына жауап берер ұлттық балалар әдебиетін дамытпасақ, елдіӊ ертеӊ тізгінін ұстар жас ұрпақты бөтенніӊ торына тастап, орына жыққан болып шығамыз.

Жазушыларымыз осы салада төл инновацияларымызды түзуге, өз жаӊашылдықтарын ұсынуға ұмтылулары қажет. Біз сол арқылы жас ұрпақты жаӊа дәуір игіліктерін еркін пайдаланып, жетістіктерін меӊгерулерiне жол ашуға, танымы кеӊ тұлға ретінде қалыптастыруға үлес қосуға тиіспіз.

Сонымен қатар, әрине, балалар бойына ұлттық құндылықтарды сіӊдіру, тілге, ділге, тарихқа, салт-дәстүрге құрметті тәрбиелеу де әрдайым басты орында болғаны жөн. Ийтпесе, ұлттық сана-сезімі жоқ адамда патриоттық рух та болмайды.

***

Осы форум қарсаӊында Қазақстанныӊ қазіргі заманғы балалар әдебиетін талдап, оныӊ ерекшеліктері мен даму барысына үӊілдім. Сонда байқағаным, кішкентай балаларға арналған кітаптар баршылық екен, ал жасөспірімдерге қызмет ететін әдебиет азшылық көрінеді.

Бізге жасөспірімдерге арналған "әлеуметтік-сыни бағыттағы" әдебиет керек. Бұл меніӊ ойлап тапқан терминім емес, әлемдік тәжірибе осы! Бұл бағытқа, жанрға сәйкес, жас кейіпкердіӊ тұлға ретінде қалыптасу кезіндегі ішкі қақтығысы, жан сарайында сақ-сақ қайнаған проблемалары ашып көрсетіледі. Бұл кітаптарда өзін және өз өмір жолын іздеген жасөспірімдер бейнесі даму үстінде, динамикада беріледі, оныӊ барлығы қазіргі өмір шынайылығымен, заманауи өзгерістер ауанымен астасып жатады.

Оныӊ мысалын алыстан іздеудіӊ де қажеті жоқ. Бұл үшін Бердібек Соқпақбаевтыӊ "Меніӊ атым Қожа" повесін үлгіге алуға болады. Ұлы жазушымыз қоғаммен іштей қақтығысқа түскен тентек, бұзық баланыӊ бойындағы жақсы адамды ашты, кішкентай кейіпкердіӊ адасып барып, жол табуын сомдады, жас махаббаттыӊ образын түзді. Осы арқылы балалар психологиясындағы тылсым сырды, жұмбағын, нәзік сезімін, тұлғалық шиеленісті балалар тілімен балалардыӊ өзіне түсіндіре білді.

Осындай шоқтығы биік шығармалар қазір де туарына сенімдімін. Өйткені бүгінгі өмірімізде оған сюжет болар оқиғалар желісі сансыз көп. Қазақстанда да аса бай тарихи және заманауи фактура бар, авторлар оны кезінде тыӊ игергендей рәсуа етпей, ұтымды, бірақ қарқынды игергені маӊызды.

***

Негізі қазақ балалар әдебиетіне "Гарри Поттердей" әлемдік мега-бестселлер керек-ақ. Мен бұл жерде Роулинг ханымға еліктеу қажет, сол жанрда жазуға тиіспіз деп отырған жоқпын. Бұл жерде әӊгіме батыс әлеміндегі кітап нарығында ұлы бетбұрысқа түрткі болған, жанартаудай жарылыс-дүмпу жасаған және дамыған елдерде балалар әдебиеті секторыныӊ буырқана дамуына, өрлеуіне әкелген құбылыс, феномен туралы айтып отырмын.

Ирине, қазақтыӊ "Гарри Поттері" әлдеқашан шағын таралыммен шығып, кітапханаларда шаӊ басып жатқан да болар. Демек, біздіӊ Мәдениет министрлігі тек кітап басумен шектелмей, олардыӊ үздіктері негізінде кинотуындылар түсірсе, ал қалталы азаматтар оны әлем тілдеріне аудартқызып, халықаралық деӊгейде насихаттаса, тамаша болар еді. Яғни, Қазақстанда бестселлер өсетін құнарлы топырақты қопсытып, баптау қажет.

Мәселен, орыс жазушысы Антон Чеховтыӊ сонау 1887 жылы басылған "Каштанка" атты цирк иті туралы балалар әӊгімесі қазір суретші Спиринніӊ иллюстрациялары арқасында батыста бестселлерге айналуда. Өйткені қазіргі оқырман жарқ-жұрқ спецэффектілерді жақсы көреді.

Осы орайда бүгінгі Халықаралық балалар жазушылары форумын өткізудіӊ өзектілігі мен маӊыздылығын атап өткім келеді.

Онда талқыланар мәселелер аясы кеӊ, арнасы тереӊ. Исіресе, қатысушыларды балалар кітаптарын басу саласындағы мемлекеттік қолдау, авторлық құқықтарды қорғау, балалар әдебиетіндегі заманауи үрдіс-трендтер және басқа да түйткілді жайттар туралы пікірталас пен пікіралмасулар қызықтырса керек.

Сөзімді қорыта келе, қалам ұстап, жанныӊ жылуын, сөздіӊ сұлуын жас ұрпаққа арнап, шығармашылық ақыл-ойларыӊызды сарқа жұмсап жүрген Сіздерге алғысымды білдіре отырып, форум жұмысына табыс, ал балалар жазушыларына жаӊа бейне, тыӊ серпіліс тілеймін",- деді Бақытбек Смағұл.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны