20.12.2013, 20:12 3098

Астанада балалар мүддесінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөнінде ұлттық конференция өтті

Астанада балалар мүддесінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөнінде ұлттық конференция өтті, деп Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада балалар мүддесінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөнінде ұлттық конференция өтті, деп Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Конференцияның мақсаты білім беруде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі бағдарламаны іске асыру нәтижелері мен оларды одан әрі Қазақстан Республикасына енгізу мәселелерін талқылау.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, Қазақстан, Қырғызстан елдерінің мүдделі министрлік өкілдері, ғылыми ұйымдар, сондай-ақ Гуманитарлық көмек және азаматтық қорғау еуропалық комиссия департаменті (ЕСНО), БҰҰДБ және ЮНИСЕФ қатысты", - делінген хабарламада.

Конференцияда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту құрам бөлік интеграциясының табысты практикасы ұсынылды, зілзалаларға білім беру жүйесі ұйымдарының әзірлігін мониторингтеу мақсатында 2013 жылы өткен жобаның пилоттық мектеп қауіпсіздігін бағалау нәтижелері талданды. Бұдан өзге халықаралық ұйымның өкілдері Орта Азия және Оңтүстік Кавказ елдеріндегі білім беруде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша ұсындарымен бөлісті.

Бағдарлама жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі орта мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдардың дүлей зілзалаларға әзірлігін қамтамасыз ету әлеуетін жетілдіру, сондай-ақ олардың әлеуеттік қауіп-қатерге тұрақтылығын арттыру болып табылады. Жобаның ұлттық деңгейдегі басты міндеті оқу бағдарламасының тиісті міндетті пәндеріне дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша бөлшектерін интеграциялау, Қазақстан өңірлерінің, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде ұлттық және жергілікті даму бағдарламалары мен бюджеттерінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша құрамбөлігін қосу болып табылады.

Жобаны іске асыру шеңберінде ТЖМ Ұлттық білім беру академиясымен бірге 12 жылдық білім беру мектеп стандарттарында зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі блоктарды қосу бойынша ұсыным әзірледі; мектеп базасында Азаматтық қорғаныс жоспарын қайта қарады, АҚ штаб құрамы мен мен олардың ТЖ кезіндегі нақты іс-әрекеттерінің нақты нұсқаулығын әзірледі; халықаралық қауіпсіздік өлшемшарттарына сәйкес Қазақстанға арналған мектептің қауіпсіздік стандарттарын қайта қарады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны