13.05.2014, 20:43 2022

Астанада балаларға арналған ғаламтор қауіпсіздігінің проблемалары талқылануда

Осы салада жүргізілген зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, балалар ғаламтор жайлы мәліметтерді ата-аналарынан артық біледі. Балаларды қажетсіз контенттерден сақтаудың бірнеше әдістері де жоқ емес.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астанадағы "Қазмедиа орталығында" балаларға ғаламтордың қауіпсіздігі мен оны реттеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтуде.

"Қазіргі заманның балалары мен жастары сандық ұрпақ болып табылады. Олар өздерін кибер кеңістікте алаңсыз сезініп, жаңа технологияларды дер кезінде танып отырады. Балаларға қатысты осынау өзгерістерге оқытушылар мен мектептер қаншалықты дайын? Балалардың сандық кеңістікті игеруін бақылауға дайын ба?", - деген сауалдар төңірегіндегі пікірлер талқыланды.

Осы салада жүргізілген зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, балалар ғаламтор жайлы мәліметтерді ата-аналарынан артық біледі. Балаларды қажетсіз контенттерден сақтаудың бірнеше әдістері де жоқ емес.

Дөңгелек үстел барысында ғаламторда өсіп келе жатқан балаларға, жалпы кейінгі толқынның қауіпсіздігінің негіздері, Google компаниясының қауіпсіздік құралы мен ұстаздар мен ата-аналардың балаларды ғаламторда қауіпсіздікті ұстай білу тұрғысынан түрлі ұсыныстары және балалар мен өскелең ұрпақта сандық хабардарлықты құру мен арттыру бойынша ұстаздар мен ата-аналарға арналған оқыту бағдарламалары мәселелері айтылды.

Шараға мемлкеттік орган өкілдері, соның ішінде балалардың құқын қорғау саласындағы құзіретті органдар, құқық қорғау органдары, сонымен қатар сараптамалық қауымдастық, кәсіпкерлік топ, байланыс операторлары, хостинг-провайдерлер, атақты қазақстандық ғаламтор ресурс иелері, балалар құқын қорғаумен айналысатын қоғамдық бірлестіктер қатысуда.

Айта кету керек, шара ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен Қазақстанның Ғаламтор Қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны