09.11.2015, 12:31 3648

Астанада баланы соғып кеткен жүкті әйелге қатысты үкім шықты

"Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотыныӊ үкімімен азаматша Сәкенова ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танылды. Айыпталушы 2 жыл 6 айға бостандығынан, сонымен қатар 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды", - деп хабарлады Астана қалалық сотыныӊ баспасөз қызметінен,

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Астанада ағымдағы жылдыӊ көктемінде баланы соғып кеткен жүкті әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотыныӊ үкімімен азаматша Сәкенова ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танылды. Айыпталушы 2 жыл 6 айға бостандығынан, сонымен қатар 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды", - деп хабарлады Астана қалалық сотыныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ведомствода атап өткендей, ҚР ҚК 74-бабы 1-бөліміне сәйкес, сот Сәкенованыӊ жүкті болғанын ескере отырып, оныӊ жазаны өтеу мерзімін 1 жылға шегерді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы 25 мамырда азаматша Сәкенова "Тойота Ланд Крузер" көлігін басқара отырып, абайсыздан кәмелет жасқа толмаған баланы соғып кетті. Салдарынан жапа шегуші қаза тапты.

Сот үкімі заӊды күшіне енбеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны