05.09.2016, 11:30 2210

Астанада балет әртістерініӊ халықаралық конкурсы өтеді

Биыл қыркүйектіӊ 10 мен 17 аралығында Астанада балет әртістерініӊ ІІІ халықаралық конкурсы өтеді.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биыл қыркүйектіӊ 10 мен 17 аралығында Астанада балет әртістерініӊ ІІІ халықаралық конкурсы өтеді. Конкурстыӊ құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы - соӊғы жылдары Қазақстанныӊ хореография өнерін дамытуға зор үлес қосып келе жатқан "Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры" жеке қоры.

ІІІ Халықаралық балет әртістері конкурсыныӊ Бас серіктесі - Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президентініӊ Қоры.

Шығармашылық сайыстыӊ негізгі мақсат-міндеті - хореография өнерін дәріптеу; классикалық балет дәстүрін сақтау және дамыту; дарынды жас әртістерді анықтап, ынталандыру; Қазақстанныӊ мәдени имиджін өсіру.

"Конкурстар қоғам мүшелері мен әртістердіӊ көӊілін белгілі бір өнер түріне бұрып, нәтижесінде осы саладағы мол жетістіктерге куә боламыз. Біздіӊ конкурс та осындай нәтиже әкелетініне сенеміз. Сөз жоқ, конкурстыӊ тағы бір қыры - еліміздіӊ мәдени имиджін асқақтату, себебі, конкурсқа дүние жүзініӊ әртістері жиналады" - деп есептейді, қордыӊ атқарушы директоры және конкурстыӊ ұйымдастыру комитетініӊ төрайымы Исел Құрманбаева.

Конкурсқа 17 мен 25 жас аралығындағы Қазақстанныӊ, Ресейдіӊ, Орта Азияныӊ, Еуропа мен Жапонияныӊ әртістері қатысады. Бұған дейінгі екі конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігініӊ қолдауымен өтті. Бірінші конкурс 2006, ал, екінші конкурс 2009 жылы өтіп, оған Болгария, Ресей, Украина, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан өкілдері қатысты. Биылғы конкурстыӊ географиясы біршама кеӊейді.

Конкурстыӊ жүлде қорында әйелдер мен ерлер арасында жеке дара гран-при, бірінші, екінші, үшінші орын және бірнеше ынталандыру жүлдесі бар: үздік дуэт, "Үкілі үміт", заманауи хореографияны үздік орындағаны үшін және т.б.

Қазылар алқасыныӊ төрайымы - ХХ ғасыр балетініӊ аӊызына айналған, Мариинский театрыныӊ этуалі, қазіргі кезде "Астана Опера" театры балетініӊ көркемдік жетекшісі, Ресей халық әртісі Алтынай Асылмұратова. Ол конкурсқа қатысушыларға үндеуінде былай деді: "Конкурс - толқумен қатар, үлкен мереке! Би мерекесі, жаӊашылдықтыӊ, жастықтыӊ мерекесі! Конкурсқа қатысушылардыӊ өнерін тамашалауға асықпыз. Жандарыӊды салып, шабыттана билеӊдер!".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны