05.06.2017, 17:09 4735

Астанада "Бибол" фильмініӊ тұсаукесері өтті

"Адамдар арасындағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті" сынды фильмдерімен көрерменге жақсы таныс Талғат Теменовтыӊ жаӊа кинотуындысы балалар үйініӊ 6-жасар тәрбиеленушісі мен қарт кісініӊ арасындағы достығы туралы баяндайды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша, "Адигул продакшн" компаниясыныӊ қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Бибол" атты көркем фильмініӊ тұсаукесері өтті. Режиссері әрі сценарий авторы - Қазақстанныӊ халық артисі, қазақ киносыныӊ "жаӊа толқын" өкілі - Талғат Теменов.

"Адамдар арасындағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті" сынды фильмдерімен көрерменге жақсы таныс Талғат Теменовтыӊ жаӊа кинотуындысы балалар үйініӊ 6-жасар тәрбиеленушісі мен қарт кісініӊ арасындағы достығы туралы баяндайды.

Фильмді тамашалауға еліміздіӊ белді қайраткерлері, саясаткерлері және өнер адамдары келді. Атап айтсақ: Қуаныш Сұлтанов, Ирақ Елекеев, Төлеген және Майра Мұхамеджановтар, Бүркіт Аяған, Дархан Қыдырәлі, Исел Акбарова, Назира Мұқышева және театр және кино актерлер.

Тұсаукесер рәсімініӊ алғы сөзі ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына берілді. Арыстанбек Мұхамедиұлы өз сөзінде барша қазақстандық балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

- Еліміздіӊ барша кішкентай көрермендеріне арналған бұл фильмде бүгінгі күні өзектілігі артып, бағасы құлдырап бара жатқан адами құндылықтар баяндалады. Фильм еліміздіӊ бас қаласы Астанада түсірілген әдемі де жылы туындылардыӊ бірі. Фильмде күн санап дамып келе жатқан әсем қаламыздыӊ көрікті жерлері көрініс тапқан.- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Өз кезегінде режиссер Талғат Теменов фильм жайлы ойын және бас кейіпкердіӊ рөліне баланы қалай тапқандығы туралы айтып берді.

- Бұл оқиға адамгершіліктіӊ мәӊгілік заӊдары туралы фильм. Отбасылық құндылықтардыӊ адамзат үшін маӊыздылығын көрсететін фильм... Біз кастингті ұзақ жүргіздік. Биболдыӊ рөліне екі мыӊ бала бақ сынады. Солардыӊ ішінен Инуарды таӊдадым. Түсірілім кезінде оныӊ жасы бес жарымда болатын. Сондықтан да текст жаттаудан әбден қиналатын. Қиналған сәттерінде түсірілім алаӊын тастап, ауылына кетіп қалуды ойлайтын. Алайда түсірілім тобыжабылып жүріп, оны қалдыруға көндіретінбіз. - деді фильм режиссері Талғат Теменов.

Фильмніӊ түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысыныӊ Бурабай ауылында өтті. Басты рөлдерді Ануар Төлеуғажы және ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Төлеубек Аралбай ("Жаужүрек Мыӊ Бала", "Жоюшы", "Тығырықтан жол тапқан") сомдады. Сонымен қатар, фильмге Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка және драма театрыныӊ (Астана қаласы) актерлері түскен. Фильм үстіміздегі жылдыӊ күзінде прокатқа шығатын болады.

"Бибол"

Фильм туралы: бұл Бибол есімді жетім бала мен музыкант Қасымхан қария туралы әсерлі оқиға. Фильмніӊ негізгі желісі - бала мен қарттыӊ кездейсоқ кездесуі болып табылады. Бұл фильмдегі драматизм бір-біріне бөтен бас кейіпкерлердіӊ етене жақын болып кетулері. Фильм - адамныӊ адамгершілік қасиеттерініӊ арқасында ғана шын бақытқа жетуге болатынын көрсетеді.

Өндірісі:Ш.Айманов ат. "Қазақфильм" АҚ "Адигул продакшн" ЖШС қатысуымен

Жанры:мелодрама

Режиссері, сценарий авторы: Талғат Теменов

Қоюшы операторы: Андрей Маслов

Қоюшы суретші: Марат Иманберген

Композиторы: Төлеген Мұхамеджанов

Бас продюсері: Ахат Ыбыраев

Рөлдерде: Төлеубек Аралбай,Инуар Төлеуғажы, Лейло Бекназар-Ханинга, Жәния Джуринская, Динара Ибікеева, Қуандық Қыстықбаев және басқалар.

Режиссер туралы:

Теменов Талғат Досымғалиұлы - кинорежиссер, Қазақстанныӊ халық артисі. 1954 жылы 11 желтоқсанда Алматы облысы Малыбай ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, ал 1986 жылы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлар дайындайтын жоғары курсын бітірген (С.Соловьевтыӊ шеберханасы).

Алғашында Талдықорған қаласындағы облыстық драма театрында актер болып шығармашылық жолын бастаған Талғат Теменов,1980 жылы кино өнеріне келіп, режиссер көмекшісі және сценарист болып қызмет атқарады. Мәскеудегі оқуын бітірген соӊ, Т.Теменов өзініӊ сценарийі бойынша екі қысқаметражды фильмдерді - "Қайдасыӊ, Шапай?" және "Торо" картиналарын түсіреді. 1987-1988 жылдар аралығында жас киногер "Мосфильм" киностудиясында ресейлік балалар киносыныӊ атасы Ролан Быковтан дәріс алып, кейін халықтыӊ жоғарғы бағасы мен ықылас-ілтипатына бөленген "Адамдар арасындағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті", "Өлімнен кейінгі Қазан" атты фильмдерді жарыққа шығарды. Т.Теменов сонымен қатар халықаралық жоба - "Көшпенділер" фильмініӊ теӊ режиссері. 2011 жылы режиссер "Меніӊ күнәлі періштем" фильмін түсірген.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны