23.05.2012, 15:47 3243

Астанада білім берудің аймақтық хабын құру мәселесі қаралды

Бүгін елордада V Астана экономикалық форумы аясында Мемлекеттік басқару мектептері мен ұлттық академиялары басшыларының мәжілісі өтті.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Астанада білім берудің аймақтық хабын құру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін елордада V Астана экономикалық форумы аясында Мемлекеттік басқару мектептері мен ұлттық академиялары басшыларының мәжілісі өтті.

Изірбайжан, Литва, Болгария, Қырғызстан, Польша, Латвия және тағы басқа 20 елдің өкілдері қатысқан форумда мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесін жетілдіру, қашықтан білім беру, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Астанада мемлекеттік қызмет бойынша озық тәжірибе мен білім берудің аймақтық хабын құру мәселесі де көтерілді. ҚР Президент Икімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек атап көрсеткендей, ол үшін Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар. "Бүгінде біз БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ұйымының қолдауымен өзге елдердің тәжірибесін жан-жақты зерттеп келеміз. Ирине, Қазақстан сапалы серпіліс жасауы тиіс. Ол үшін осы жерде мемлекеттік қызмет саласының оқ бойы озық зияткерлік әлеуеті шоғырлануы тиіс", - деп атап көрсетті Б.Байбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны