24.07.2013, 11:18 3105

Астанада бір тәулік ішінде ЖКО туралы 78 хабарлама келіп түскен

"Жол полициясы басқармасының кезекші бөліміне бір тәулік ішінде жол-көлік оқиғасы туралы 78 хабарлама келіп түскен. Оның 26-сы ғана расталды", - деді Лариса Красникова.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Астанада бір тәулік ішінде ЖКО туралы 78 хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласы ЖПБ баспасөз хатшысы Лариса Красникова мәлімдеді, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Жол полициясы басқармасының кезекші бөліміне бір тәулік ішінде жол-көлік оқиғасы туралы 78 хабарлама келіп түскен. Оның 26-сы ғана расталды", - деді Лариса Красникова.

Оның айтуынша, кеше сағат 19:30 шамасында Керей Жәнібек хандары көшесі жағынан Қабанбай батыр даңғылымен келе жатқан "Star steyr" жүк көлігінің жүргізушісі Хусейн Бен Талал көшесіне бұрылу кезінде әуежай бағытындағы айналма жол жағынан Керей Жәнібек хандары көшесіне қарай Қабабай батыр көшесімен келе жатқан "Ауди-80" автокөлігіне соқтығысқан.

Соқтығысу салдарынан түрлі дене жарақатын алған "Ауди-80" көлігіндегі екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жол апатының себептері анықталып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны