22.12.2015, 13:27 4156

Астанада бірегей сағаттар коллекциясы көпшілік назарына ұсынылады

Бүгін сағат 17.00 Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ Музейінде Музей жинақтарынан "Уақыт Құдыреті" көрмесі ашылады. Музей жинақтарыныӊ сағаттар коллекциясы алғаш рет көпшілік қауымныӊ назарына ұсынылмақ

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін сағат 17.00 Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ Музейінде Музей жинақтарынан "Уақыт Құдыреті" көрмесі ашылады. Музей жинақтарыныӊ сағаттар коллекциясы алғаш рет көпшілік қауымныӊ назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Экспозицияға сағат жасау өнерініӊ биік шыӊына жеткен әр түрлі және сирек кездесетін 60-тан астам туынды қойылады. Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ Музейіне мемлекеттік сақтауға берілген Н.И. Назарбаевқа әр жылдарда табыс етілген дипломатиялық сыйлықтар коллекцияныӊ негізін құрайды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Көрмеге қойылатын жәдігерлер арасында механикалық, кварцты және электронды сағаттар, сыйға берушілердіӊ арнайы тапсырысымен жасалған; ХІХ ғасырдан сыр шертетін антиквариат; 3000 жылға дейін есептелген күнтізбелік және т.б. сағаттар бар. Қалта, қол, үстел, қабырға, каминдік және еденге қойылатын сағаттар топтамасы ерекше көз тартады.

"Уақыт Құдыреті" көрмесі 2016 жылдыӊ 31 қаӊтарына дейін жалғасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны