25.09.2012, 12:35 2885

Астанада "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында қонақүй бой көтерді

Нысанның маңыздылығы сол, қонақүй "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының көмегімен бой көтерген, деп жазады "Астана ақшамы" басылымы.

Астана. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында қонақүй бой көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Елорданың оң жағалауынан "Goldman Empire" қонақүйі қалалықтар мен қала қонақтарына есігін айқара ашты.

Нысанның маңыздылығы сол, қонақүй "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының көмегімен бой көтерген, деп жазады "Астана ақшамы" басылымы.

Халыққа қызмет көрсету орнының салтанатты ашылуында астаналық көркемөнерпаздар жырдан шашу шашып, күй күмбірлетті. Қонақүйлердің иесі, "Континент" корпорациясының директоры Алтынбай Асылбеков нысанның салынуына Астана әкімдігі қолдау көрсеткенін айтады. "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорынан 120 млн. шамасында 7 пайызбен несие алып, қонақүйдің қазығын екі жыл бұрын көктемде қазғанбыз. Міне, ел игілігіне жарағалы отыр. Мұнда әзірге 35 адам жұмысқа тартылды", - дейді кәсіпкер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны