15.07.2015, 13:51 3522

Астанада болған ірі жол-көлік апатына кінәлі жүргізушіге іздеу жарияланды

Астанада үш көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Астанада үш көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"БМВ" маркілі көлігін мінген жүргізуші 14 шілдеде шамамен сағат 22.00-де Достық даӊғылы арқылы Сауран көшесіне қарай бағыт алып, сол жолда келе жатқан "ВАЗ 2114" маркілі көлігіне соғылған. Соққыдан "ВАЗ 2114" көлігі жолдыӊ қарсы бетіне шығып кетіп, "Лексус" көлігіне соғылған", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан 21 жастағы "ВАЗ-2114" көлігініӊ жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. "Лексус" көлігініӊ жолаушысы Темір жол ауруханасына жеткізіліп, онда дәрігерлердіӊ қарауынан соӊ үйіне жіберілді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде "БМВ" көлігін Ақмешіт көшесініӊ бойынан тапты. Жасырынған жүргізушіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ІДД аталған жол-көлік апатыныӊ куәгерлерін 8(7172)71-61-94, 8(7172)71-62-14, 8 701 794 00 94, немесе "102" телефон номерлеріне хабарласуды сұрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны