28.07.2014, 19:56 9440

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Бүгінгі күні келесі мамаңдықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға қабылдау жүргізілуде: тігінші, аспазшы, тәрбиеші, сатушы-кассир.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Жастар сарайында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, - деп әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы хабарлады.

Өткізілетін жәрмеңкенің негізгі міндеттері - азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету, оларға әлеуметтік қорғау шаралары туралы, сондай- ақ еңбек нарығындағы ахуал жөніндегі ақпараттар ұсынылады.

Жәрмеңкені өткізудің мақсаты жұмыс іздеушілердің бір уақытта бірнеше жұмыс берушілерден сұхбаттасудан өту мүмкіндігі.

Сондай-ақ, оқу орындарының түлектерінде "Жұмыспен қамту 2020 жол карта" бағдарламасымен жастар практикасын өтуге, халықтың нысаналы топтағы тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде Жұмыспен қамту орталығының мамандары әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес береді, қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері туралы айтылады.

Бүгінгі күні келесі мамаңдықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға қабылдау жүргізілуде: тігінші, аспазшы, тәрбиеші, сатушы-кассир.

Сонымен қатар, кәсібі (мамандығы) жоқ тұлғалар үшін қыркүйек айында басталатын келесі мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту басталады: кабелші-монтажшы байланысшы, тігінші, пішуші-тігінші, күту бойынша кіші мейірбике.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны