12.07.2006, 18:17 3110

Астанада босқындар құқығын қорғау мәселелері талқыланды

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін республиканың бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы өкілдігінің жетекшісі Сезар Дюбонмен кездесуі барысында босқындар құқығын қорғау мәселері талқыланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында тараптар “Босқындар құқығы туралы” 1951-жылдың 28-шілдесінде қол қойылған конвенцияның сақталу тәжірибесі мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы қорғауға алған адамдарды шетелдерге экстрадициялау жөніндегі өтініштерді қарауға қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында осы тақырып бойынша прокуратура органдарының қызметкерлерін оқытуға бағыталған семинарлар ұйымдастыру жөнінде уағдаластық жасалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны