06.09.2016, 13:21 3623

Астанада бұрын сотталғандарды әлеуметтік оӊалту бойынша Ұлыбританияныӊ тәжірибесі талқылануда

Кездесуде бостандыққа шыққан азаматтарды әлеуметтік оӊалту бойынша кешендік стратегия жобасыныӊ таныстырылымы өтеді деп жоспарланған.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада азаматтарды әлеуметтік оӊалту бойынша кешендік стратегия жобасыныӊ таныстырылымы бойынша дөӊгелек үстел өтіп, онда бас бостандығынан айырылған және пробация қызметінде есепте тұрғандарды оӊалту жайы қарастырылды. Дөӊгелек үстелге әлемдік және британдық сарапшылар қолдау көрсетуде.

"Ұлыбританияда біз Қазақстанныӊ сотталған азаматтар бойынша пробация енгізу бастамасын қолдаймыз. Пробация жүйесі өте тиімді екенін білеміз, себебі ол негізгі үш нәтиже береді: біріншіден, ел мен қоғамныӊ қауіпсідігін қамтиды, себебі сотталғандар бостандыққа шыққан соӊ қадағалау инспекторларыныӊ назарында болады; екіншіден, пробацияныӊ жақсы жүйесі мен оӊалту бостандыққа шыққандарды социумға араласуын қамтамасыз етеді; үшіншіден, бұл мемлекеттік бюджетті үнемдейді, тұтқындалғандардыӊ санын азайту белгілі қаржыны үнемдейді", - деді Ұлыбританияныӊ пенитенцинарлық реформа сарапшысы Джонатан Айтке.

Сарапшы айтып өткендей, Қазақстан жас мемлекет, Кеӊес одағы құлағаннан кейін бірқтатар реформалар өткізе бастады. Алайда, бірқатар елдердіӊ темір торларыныӊ жағдайын көріп келген Джонатан Айткен Қазақстанныӊ түрме жүйесін жетілдіру қажеттігін айтты.

"Адамдар қателік жасап түрмеге түсіп жасады. Қоғам олардыӊ жазасын өтеуді қамтамасыз етіп қоймауы керек. Сондықтан әлемде пробеманы шешудіӊ жаӊа әдістері пайда болып жатыр. Мен Қазақстанда да проациялар жүзге асып жатқанына қуаныштымын", - деді Астанадағы ЕҚЫҰ басшысы мен елшісі Дьердьду Сабо.

Кездесуде бостандыққа шыққан азаматтарды әлеуметтік оӊалту бойынша кешендік стратегия жобасыныӊ таныстырылымы өтеді деп жоспарланған.

Шараға сыртқы істер министрініӊ орынбасарлары, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрлері, Мәжіліс депутаттары, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны