16.06.2009, 12:53 1164

Астанада бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне қатысты іс сотта қаралуда

Астанада бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне қатысты іс сотта қаралуда

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қатысты іс сотта қарала бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Альжан Бралиевке және "Меркурий плюс" ЖШС өкілі Жайылғановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай 3 маусымда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері бойынша Қоршаған ортаны қорғаудың бұрынғы министрі Ысқақовқа, қоршаған ортаны қорғаудың екі вице-министрі Бралиев пен Сәрсенбаевқа және "Меркурий плюс" ЖШС өкілі Жайылғановқа қатысты қылмыстық іс прокуратура органдарымен тексеріліп, материалдары Астана қаласының Есіл аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жіберілді",- деді М.Жұманбай.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне мемлекеттік сатып алулар кезінде қаржы жымқырды және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен "Меркурий плюс" ЖШС өкілі А. Жайылғановқа 1 сәуірде қызметтік өкілеттілігін пайдаланып 1 млрд 172 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. "Сол күні алдын-ала тергеу барысында табылған дәлелдердің негізінде Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Ысқақов пен Жайылғановты тұтқындауға санкция берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны