06.08.2026, 11:41 55951

Астанада Comic Con фестивалі басталды

Іс-шараға қатысушылар қатарында Николай Костер-Вальдау, Пол Андерсон, Иньяки Годой, Таз Скайлар, сондай-ақ ондаған танымал блогер, суретші, косплейші және арнайы қонақтар бар
Астанада Comic Con фестивалі басталды
6-9 тамыз аралығында Barys Arena мен "Алау" мұз сарайы кино, телехикаялар, аниме, комикстер, бейнеойындар және косплейдің ондаған мың жанкүйерін қабылдайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қонақтарды әлемдік жұлдыздармен кездесулер, қолтаңба тарату және фотосессиялар, жүлде қоры 20 млн теңгені құрайтын ауқымды косплей байқауы, ойын аймақтары, шоулар мен әртістердің өнер көрсетуі күтеді.

Фестивальдің басты қонақтары қатарында актерлер Николай Костер-Вальдау ("Тақтар ойыны" телехикаясының жұлдызы), Пол Андерсон ("Өткір күнқағарлар"), One Piece телехикаясының жұлдыздары Иньяки Годой мен Таз Скайлар, сондай-ақ Kandis K-pop тобы бар.

"Биыл біз барлық мақсатты аудиторияға арналған хедлайнерлерді шақырдық. Сондықтан, әр хедлайнерімізді асыға күтіп отырған өз аудиториясы бар. Дегенмен, Николай Костер-Вальдауды көруге ниетті адамдар саны көбірек болады деп ойлаймын. Онымен бүгін Barys Arena-да кездесуге болады", - деді Comic Con Astana фестивалінің бас продюсері Наталья Абрашкина.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны