04.12.2007, 14:32 2129

Астанада дарынды балаларға арналған мектептің ашылуы жоспарлануда

Астанада дарынды балаларға арналған мектептің ашылуы жоспарлануда

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алдағы жылы Астанада дарынды балаларға арналған мектепті ашу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін "Дарынды балалар -ұлттық қазына" атты "дөңгелек үстел" барысында Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қала әкімдігі білім беру департаментінің жоспары бойынша, алдағы жылы дарынды балаларға арналған мектебін ашу", - деді Е. Аманшаев.

"Қазақстандық жеке меншік мектептердің, білім беру саласындағы жаңашыл ұстаздардың және халықаралық тәжірибесын ескере отырып жаңа мектептің концепциясын дайындау қажет", - деді ол. Оның ақпараты бойынша, "бұл бағыттағы жұмыс қолға алынды".

"Біз Астанадағы 38-немесе 9 лицей негізінде осы жаңа мектепті құру туралы идеяны қарастырып отырмыз", - деп толықтырды өз сөзін қала әкімінің орынбасары.

Журналистердің сауалдарына жауап берген Е. Аманшаевтың пікірі бойынша, "бұл мектепке балаларды оқуға алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді".

Өз кезігінде "Голубой парус" білім беру кешені жүйесінің директоры Марина Ескараева, Астанада дарынды балаларды қолдау қорын құру туралы Астана әкімдігіне ұсыныс жасады. "Ирине, арнайы мектептерде оқып жүрген балалардан, дарынды балалар бізде көп. Алайда, ондай мектептерге оларды оқытуға ата-аналардың мүмкіндігі болмай жатады. Сондықтан, мұндай қор құрылып жатса, біз оған 1 млн теңге көлемінде ақша аударуға дайынбыз ", - деді ол.

Е. Аманшаев атап өткеніндей, "бұл идеяның болашағы бар, біз оны қолдаймыз".

"Идея жаңа ғана айтылды, енді біз қалалық қорды құрып, оның жұмысын ойластыруымыз керек", - деп атап өтті әкім орынбасары.

"Бұл қорды толтыру үшін, қалалық бюджеттен басқа, жеке инвесторларды да тартуға болады. Ол үшін біздер бұл қордың қандай болатынын, немен айналысатынын айқындап, бағдарламалық концепциясы жасалғаннан кейін ғана оның қаржыландыру көздерін анықтаймыз", - деп ойын қорытындылады Е. Аманшаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны