14.11.2016, 14:11 4952

Астанада дін саласындағы мәселелерді БАҚ-да жариялау бойынша журналистерге арналған семинар-тренинг өткізілді

Отандық БАҚ-тыӊ 30-дан астам өкілдерініӊ қатысуымен өткізілген аталған іс-шара "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жария етудегі БАҚ рөлі" тақырыбында өтті.

Астана. 14 қараша. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 11 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетініӊ ұйымдастыруымен дін саласындағы мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша журналистерге арналған семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды мекеме.

Отандық БАҚ-тыӊ 30-дан астам өкілдерініӊ қатысуымен өткізілген аталған іс-шара "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жария етудегі БАҚ рөлі" тақырыбында өтті.

Аталған іс-шарада ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті төрағасыныӊ орынбасары Ғабит Абзалбек, "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ өндіріс жөніндегі орынбасары Қайнар Олжай, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы "Талдау және ақпарат орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі директорыныӊ орынбасары Михаил Комиссаров және "Bnews" Ақпараттық порталы бас редакторыныӊ орынбасары Салтанат Тоқабекова дін саласындағы мәселелерді жария етудіӊ әртүрлі мәселелеріне арналған баяндамалар жасады.

Ғабит Абзалбек жаӊадан құрылған министрліктіӊ дін саласындағы міндеттері туралы айта келіп, бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттіӊ дін саласындағы саясатын іске асыру желісінде еліміздегі діни ахуалдыӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету, зайырлылық қағидаттарды ілгерілету, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және дәстүрлі емес діни ағымдардыӊ теріс идеяларыныӊ алдын алу бағытында жүргізіле беретіндігін айтты.

Ғ.Абзалбек: Қазақстан Республикасы Конституция тұрғысынан зайырлы мемлекет болып табылады. Зайырлылық -әртүрлі этностар мен конфессия өкілдері келісім мен ауызбіршілікте өмір сүре алатын демократиялық, құқықтық мемлекетті құру жолындағы халқымыздыӊ саналы таӊдауы.

Азаматтардыӊ діни-сенім бостандығын кепілдендіру және оныӊ дінді таӊдай алу немесе одан бас тарта алу құқығын қамтамасыз ету біздіӊ зайырлылық моделіміздіӊ бұлжымас негізі ретінде қала береді.

Дін саласындағы ақпараттық жұмыстардыӊ мақсаты тұрғысынан қарар болсақ, дін саласындағы орталық уәкілетті орган мен БАҚ-тардыӊ мүддесі қоғамға еліміздегі діни ахуал, әртүрлі бағыттағы деструктивті діни ағымдардыӊ теріс идеялары туралы толыққанды, сапалы және шынайы ақпаратты беруде тоқайласады.

Ақпараттық жұмыстарда бір бірлескен негізде Елбасымыздыӊ дін саласындағы ұстанымынан туындайтын "Зайырлы мемлекет және жоғары руханилық", "Бірлік пен келісім - Қазақстан дамуыныӊ негізі", "Патриотизм, ұлттық дәстүрлер мен мәдениет - Ұлттыӊ рухани тұғыры" және "Экстремизммен күресу - бүкіл қоғамныӊ міндеті" тәрізді басымдықтарды барынша кеӊ насихаттауға және азаматтардыӊ бойында осы құндылықтарды қалыптастыруға жұмылдыруымыз тиіс.

Елімізде қазіргі күнде діни ахуалдыӊ тұрақтылығына келеӊсіз әсер ететін үрдістер біртіндеп бой көтеруде. Бұл радикалдық діни ағымдардыӊ әрекетімен байланыста көрініс тауып отыр. Тұрғындардыӊ белгілі бір бөлігінде, оныӊ ішінде әсіресе жастардыӊ бойында жыл өткен сайын діни құндылықтар белеӊ алып, ұлттық және азаматтық құндылықтардыӊ орны мен рөлі төмендеуде. Осындай келеӊсіз үрдісті еӊсеру мақсатында біз БАҚ-пен бірлесіп ел тұрғындары арасында діни ағымдардыӊ қаупін түсіндіру және олардыӊ бойында теріс діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүдделіміз.

Соӊғы уақытта дін саласына қатысты мәселелер көрінгенніӊ талқылайтын тақырыбына айналып отыр. Дін саласындағы мәселелерге қатысты мұндай еркіндік керісінше пікірлер мен көзқарастардыӊ шашырауына әкеледі. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарын тұрғындардыӊ діндарлығын қоздырмау үшін көлденеӊ сарапшылардан пікір алудан алыс болудға ұсынамыз.

Дін тәрізді нәзік саладағы мәселелерді жария ету барлығымыздан жауапкершілікті талап етеді.

Олжай Қайнар: Біз дәстүрлі құндылықтарымызды сақтауымыз тиіс. Бізге бұл жағынан ХХ ғасыр басында өмір сүріп, қызмет атқарған қазақ зиялы қауым өкілдерінен көп нәрсе үйрене аламыз. Илихан Бөкейханұлы осыдан аттай бір ғасыр бұрын "Қазақ" газетінде "халқымыз дінніӊ талаптарын ұлтты сүю, адамныӊ және қоғамныӊ рухани кемелденуі ретінде түсіну керек" деп айтқан болатын. Бұл пікірдіӊ космополитизмге негізделген дәстүрлі емес исламдық ағымдардыӊ теріс идеяларыныӊ таралуы жүріп отырған қазіргі кезеӊде маӊызы үлкен."Қазақстан" телеарнасы өз бағдарламаларында дін мәселелерін ашып көрсетуде дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға баса мән береді.

М.Комиссаров: Қазіргі күнде Интернеттіӊ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердіӊ кеӊ таралуымен ақпараттар тез тарауда. Бұл жағымды үрдіс. Десек те, блогерлер қоғамда орын алатын жекелеген мәселелерді бұрып көрсетуде осы жетістіктерді өз мақсаттарына пайдалануда. Бұл әсіресе Ақтөбе және Алматы қаласында биылғы жылы жазда орын алған террористік оқиғаларда анық көрінді. Жекелеген азаматтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардыӊ бойынша үрей туғызатын дәйексіз ақпараттарды таратты. Қазіргі күнде ол азаматтар анықталып, жауапкершілікке тартылуда.

Анықталмаған ақпараттарды тарату жекелеген БАҚ-тар тарапыгнан да орын алды. Жалпы, расталмаған ақпараттарды тарату жауапкершілік жүктейтінін журналистер мен БАҚ редакциялары түсінуі және оған жол бермеулері тиіс.

Салтанат Тоқабекова:Журналистер дін саласындағы мәселелер шеӊберінде белгілі бір дін немесе діни ұйымдар туралы жазғанда олардыӊ сезімдерін қорлауға жол бермеуіміз керек. Жекелеген журналистердіӊ белгілі бір діндер туралы жариялаған материалдарында оларды секта немесе сектанттар деп көрсетуі орын алып қалады. Бұдан алыс болуымыз қажет.

Журналистер өз материалдарына елді елеӊ еткізетін ат қоюға бейім. Десек те, террористік әрекеттерге барған лаӊкестер туралы айтқанда оларды "батыр" етіп көрсететін атаулардан алыс болғанымыз жөн.

БАҚ редакциясы қоғамда дүбір тудыратын оқыс оқиғалар туралы жария етуде бастапқы кезде сол оқиға немесе мәселе туралы құрғақ ақпарат берулері тиіс. Тек оқиға барысы анықталған жағдайдан бастап ол туралы егжей-тегжейлі жазуға және көрсетуге болады.

БАҚ үшін оқыс оқиғалар барысында тұрғындардыӊ бойында үрей ұялатпау бірінші орында тұруы тиіс.

Жалпы, семинар-трениг мазмұнды сипатта өтті және қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар ала алды. Қатысушылар дін саласындағы мәселелерді жариялау және ақпараттық басымдықтардыӊ ортақ ұстанымдарын пысықтап отыру үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізіп тұру керек деп ұйғарды.

Семинар-тренинг соӊында ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті төрағасыныӊ орынбасары Ғ.Абзалбек 2016 жылы дін саласындағы мәселелерді жариялауда белсенділік танытқан аймақтық және орталық БАҚ-тардыӊ журналистерін марапаттау рәсімін өткізді.

Дін істері комитетінде құрылған Конкурстық комиссияныӊ шешіміне сәйкес келеідей журналистер марапатталды.

1. Сариева Ұлдай Қабошқызы - Батыс Қазақстан облысы, "Орал өӊірі" қоғамдық-саяси газетініӊ тілшісі.

2. Бақыт Смағұл Қайыржанұлы - Ақмола облысы, "Бұқпа" газетініӊ тілшісі.

3. Жанұзақова Баян Атайманқызы, Атырау облысы, "Атырау" қоғамдық-саяси газетініӊ тілшісі.

4. Қаратаев Абат Даулеткерейұлы, Ақтөбе облысы, "Актюбинский вестник" газетініӊ тілшісі.

5. Оркушпаева Насихат Михайловна, Шығыс Қазақстан облысы, "Рудный Алтай" газетініӊ журналисі.

6. Рыстанбеков Азат Сардарбекұлы, "Қазақстан" телеарнасыныӊ бағдарламалар дирекциясыныӊ шеф-редакторы.

7. Сағындықова Шынар Жуанышбекқызы, "Хабар" агенттігініӊ "Арнайы хабар" бағдарламасыныӊ шеф-редакторы.

8. Дәурен Қуат,"Аbai.kz" ақпараттық порталыныӊ бас редакторы.

9.Жайық Нағымаш, "Е-ислам" рухани-ағартушылық порталыныӊ редакторы, апталық "Е-ислам" баспа газетініӊ әдеби редакторы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны