12.05.2016, 15:42 4835

Астанада "Dream Life" компаниясыныӊ әрекеттерінен зиян шеккендер іздестіріліп жатыр

Астананыӊ Ішкі істер департаменті "Dream Life" баспаналы болу үшін Астанада пәтер сатып алу үшін азаматша Ж.-ныӊ сеніміне кіріп, 2,5 миллион теӊгесін алдап иеленген азамат М.-ға қатысты ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада "Dream Life" ЖШС компаниясыныӊ әрекеттерінен зиян шеккен жандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астананыӊ Ішкі істер департаменті "Dream Life" баспаналы болу үшін Астанада пәтер сатып алу үшін азаматша Ж.-ныӊ сеніміне кіріп, 2,5 миллион теӊгесін алдап иеленген азамат М.-ға қатысты ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлімі бойынша (алдап немесе сеніміне кіру арқылы мүліктік зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Осыған байланысты Астана қаласыныӊ ІІД "Dream Life" ЖШС компаниясы әрекеттерінен зиян шеккендерді Бейбітшілік көшесі, 19-үй, 342-кабинетке, немесе 71-63-61, 8-701-997-55-77 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында "Dream Life" ЖШС компаниясы, жалпы, Қазақстан бойынша, оныӊ ішінде Астана қаласында "Общий Дом" тұтыну кооперативі арқылы пайызсыз бөліп төлеу арқылы және артық төлемсіз жылжымайтын мүлік саудасын жүзеге асыратындығы туралы ақпарат пайда болған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны