16.11.2012, 14:53 8449

Астанада екі жаңа аурухана ашылады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, таяуда елордада көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы аяқталды. Ол 350 төсектік және бір ауысымда 250 науқасты қабылдайтын емханасы бар.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - Астанада екі жаңа аурухана ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, таяуда елордада көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы аяқталды. Ол 350 төсектік және бір ауысымда 250 науқасты қабылдайтын емханасы бар.

Сондай-ақ, ведомстваның ақпараты бойынша, жақында тағы бір жаңа амбулаторлық-емхана кешені пайдалануға беріледі. Онда бір ауысымда 500 науқас қабылдануы қарастырылған.

Екі аурухана да Оңтүстік Шығыс тұрғын үй алабында орналасқан.

Жаңа нысандар жұмысын 2012 жылдың төртінші тоқсанында бастайды деп жоспарлануда. Бұл нысандарды іске қосу оң жақ жағалаудағы (№ 6 ҚЕ, №7 ҚЕ) емханалардағы жүктемелерді азайтып, Алматы ауданы тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді жақсарта түседі.

Алайда, қаланың сол жағалауындағы амбулаторияларда жүктеменің шамадан тыс артып кететін қиындықтары бар. Осыған байланысты сол жағалаудағы Оңтүстік көшесі 19, жаңа емхананың құрылысы аяқталғанша, "Шипагер" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясына жасалатын көмекті жақсарту үшін әкімдіктің коммуналдық меншігінен қосымша алаңдарды іске қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Пригородный кентіндегі аурухананың жүктемесін азайту үшін Өндіріс және Көктал-2 кенттерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары құрылысын жүргізу жоспарлануда

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны