30.05.2008, 16:39 3039

Астанада екінші вокзалдың құрылысы ескі қаланың көшелеріндегі көліктерді азайтуға мүмкіндік береді - Есенғарин

Астанада екінші вокзалдың құрылысы ескі қаланың көшелеріндегі көліктерді азайтуға мүмкіндік береді - Есенғарин

Астана. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада басталатын екінші темір жол вокзалының құрылысы ескі қаланың көшелеріндегі көліктерді азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай пікірді "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Нығметжан Есенғарин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Менің жеке пікірім бойынша, бірінші кезекте екінші вокзал ауданындағы Сороковая станциясында екінші вокзалын тұрғызу керек. Бұл күрделі мәселе. Өйткені, үлкен қалада екі-үш вокзал болу керек", - деді Н. Есенғарин.

"Егер Сороковая станциясында вокзал тұрғызылып, онда поездар 10-15 минутқа тоқтайтын болса, онда қаланың жартысы сол жаққа барады. Ал бізде жұмыс істеп тұрған темір жол вокзалы қасында сондай-ақ, автовокзал да орналасқандықтан, барлық жолаушылар сол жаққа қарай бағыт алады", - деп толықтырды ол.

"Теміржол емес, қала екінші вокзалдың құрылысын жасау керек. Сондықтан вокзалға қарай бағыт алатын жолаушылар ағыны басқа жаққа қарай бет алатын болады ", -деп есептейді ҚТЖ өкілдері. Оның пікірі бойынша, "Астанада 39 разъезі ауданында логистикалық -көлік орталықтары қателікпен құрылуда"

"Онда бір көлік логистикалық орталығының жобасы салынып жатқанда, екіншісі 96 разъезінде Тобыл жақтан, үшіншісі Қарағанды жағынан орналасудың орнына олар бастапқы орталыққа келіп тартылуда", -деп түсіндірді директорлар кеңесінің мүшесі. "Оңтүстік Астанаға келген жүкті сол жақтан шығарып, қалаға тасымалдау керек"- деді ол.

"Яғни, Астанада теміржол жүк тасымалы үшін бірнеше логистикалық көлік орталығын құру керек, ал жолаушыларды тасымалдау үшін Сороковая станциясында вокзал салу керек, - деп қорытындылады Н. Есенғарин.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2007 жылдың 23 қаңтарында премьер-министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен қалалық әкімшіліктің мәжілісінде көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Астанада Сороковая станциясы ауданында жаңа теміржол вокзалының құрылысы 2010 жылдан кейін басталатынын хабарлаған болатын. "Министрлікте Астанадағы вокзал құрылысы туралы мәселе қарастырылған болатын. Сараптама қорытындысы қазіргі теміржол вокзалы Елордасына қойылатын барлық талаптарға сай болатынын және 2012 жылға дейін жолаушылар легіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар екенін көрсетті",-деді министр. "Барлық ұсыныстарды үкіметке жеткіздік, 2010 жылы техникалық-экономикалық негіздемені дайындау жоспарланған",-деді С. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны