27.06.2012, 14:38 2830

Астанада ЕҚЫҰ 20-экономикалық-экологиялық форумға дайындық аясындағы Ұлттық кездесу ұйымдастырылды - баспасөз баяны

Басқосуға Қаржы полициясы агенттігінің басшылығы мен жеке құрамы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы С.О. Ибдікәрімов, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Зарудная, ҚР мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бүгін Қаржы полициясы агенттігі Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесе отырып, "Тиімді басқару арқылы қауіпсіздік пен тұрақтылықты алға тарту" ЕҚЫҰ 20-экономикалық-экологиялық форумға дайындық шеңберінде жоғары дәрежедегі Ұлттық кездесуді өткізді.

Басқосуға Қаржы полициясы агенттігінің басшылығы мен жеке құрамы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы С.О. Ибдікәрімов, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Зарудная, ҚР мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстанда мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық профильді мемлекеттік ведомстволар, қаржы институттары, ғылыми мекемелерді, жекеменшік сектордың, үкіметтік емес және халықаралалық ұйымдардың күшін біріктіру және ынтымақтастықтың деңгейін көтеру.

Аталған кездесуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, "Ар.Рух.Хақ", "Трансперенси Казахстан", "Сандж" зерттеу орталығы сияқты және т.б. қоғамдық ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық өкілділіктердің (ҚР Еуропалық кеңестің делегациясы, ҚР БҰҰ өкілдері, Нидерланды ҚР елшілігі, Орталық Азиядағы ЮСАИД өкілдері болды.

Кеңесте ұлттық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында заңнамалық және практикалық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, ағымдағы жылғы қыркүйекте Прага қаласында ЕҚЫҰ жоғары деңгейдегі кездесуде қазақстандық делегациясы ұсына алатын аталған мәселелер Қазақстан Республикасының тәжірибесінде негізделген ұсыныстар дайындауға жәрдемдесу жайы қарастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны