10.02.2017, 20:45 6427

Астанада ЕҚЫҰ өкілдері прокуратуралардыӊ баспасөз хатшыларын жұмыс тиімділігін арттыруға оқытты

Оқыту курсы баспасөз қызметтерініӊ жұмыс тиімділігін арттыру және прокуратура органдарыныӊ ақпараттық ашықтығын қамтамасыз арқылы халықтыӊ прокуратураға сенім деӊгейін күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға облыстық және оған теӊестірілген прокуратуралардыӊ баспасөз хатшылары қатысты.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарыныӊ академиясында "Қазақстанныӊ құқық қорғау жүйесініӊ БАҚ-пен және әлеуметтік желілермен тиімді өзара іс-қимылы" тақырыбындағы оқу курсы аяқталды,- деп хабарлайды Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясыныӊ баспасөз қызметі.

Іс-шара Астана қаласындағы Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымыныӊ бағдарламалар кеӊсесімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Оқыту курсы баспасөз қызметтерініӊ жұмыс тиімділігін арттыру және прокуратура органдарыныӊ ақпараттық ашықтығын қамтамасыз арқылы халықтыӊ прокуратураға сенім деӊгейін күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға облыстық және оған теӊестірілген прокуратуралардыӊ баспасөз хатшылары қатысты.

Тренингте криминалды хабарды түсіндіру тәжірибесі, сұхбаттасушымен байланыс орнату, тиімді коммуникация тетіктері секілді тақырыптар қарастырылып, Қазақстан құқық қорғау органдары мен БАҚ арасындағы қарым-қатынастар сапасы, әлеуметтік желілер, қазіргі кездегі баспасөз қызметініӊ жұмысы, сонымен қатар имидждік жұмыстыӊ кәсіби дағдыларын жетілдіру мәселелері зерделенді.

Семинарда белгілі журналистер мен қоғаммен байланыс саласындағы жетекші мамандар сөз сөйледі.

Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеӊсесініӊ Саяси мәселелер бойынша кеӊесшісі Колин Маккалоу семинарды өткізудіӊ жаһандану және қоғамныӊ ақпараттық дамуы жағдайындағы өзектілігін атап өтті.

Курс соӊында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны