06.06.2017, 16:51 4132

Астанада " ЭКСПО-2017" аясында Алматыныӊ Мәдени күндері өтеді

Астанада "ЭКСПО-2017" аясында 11-19 маусым аралығында Алматыныӊ Мәдени күндері өтеді, аталған шараға құрамында эстрада жұлдыздары, қолөнершілер, шығармашылық ұжымдар бар 400-ден астам адам қатысады.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan Today - Астанада "ЭКСПО-2017" аясында 11-19 маусым аралығында Алматыныӊ Мәдени күндері өтеді, аталған шараға құрамында эстрада жұлдыздары, қолөнершілер, шығармашылық ұжымдар бар 400-ден астам адам қатысады.

11 маусымда "Қазақстан" ОКЗ-да "Махабатпен, Алматыдан!" атты концерттік бағдарламамен мәдени күндер ашылады, қазақ эстрадасыныӊ жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Мәдина Араппаева, Мәдина Сәдуақасова, Айқын, Луина, "Дос-мұқасан", "Рензо", "Аюми", "Кешью", "Жігіттер" топтары,"Сарын" дуэті, "Салтанат" ансамблі, "Бала дауысы" балалар байқауыныӊ жеӊімпаздары және басқалары өнер көрсетеді.

12 -16 маусым аралығында Алматыныӊ мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында күніне екі рет "Құлыншақ пен Бөлтірік","Веселые медвежата" атты үздік спектакльдерін қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

16 - 17 маусым аралығында "Жастар" театрында "Алатау" дәстүрлі өнер театрыныӊ "Асқақтай бер, қазақтыӊ сазды әуені" атты музыкалық кеші өтеді.

11 -19 маусым аралығында "Этно-ауыл Алматы" көрмесі болады, мұнда үздік суретшілер мен қолөнершілер өз туындыларын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізеді. 17 маусым күні көрмеге келушілерге "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.

18 маусымда Халықаралық "Астана ЭКСПО - 2017" арнайы көрмесініӊ амфитеатырнда мәдени күндердіӊ "Асқар таулы Алматы!" атты қорытынды концерті өтеді, оған Асылбек Еӊсепов, Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мусаев, Еділ Құсаинов, Ғазиза Габдахимова, Шолпан Даржанова, Сауле Жұмабай, Азамат Асқаров, "Ұлытау", "Арт Дала", "Алашұлы" топтары, "Жетіген", "Сазген сазы", "Салтанат" ансамбльдері,Н. Ашировтыӊ домбырашылары, "Арлан" театры және басқалары қатысады,- деп хабарлайды Алматы қаласыныӊ баспасөз қыметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны