11.05.2014, 19:37 3787

Астанада ЭКСПО-2017 аясында жас ғалымдардың жобалар байқауы өтті

Сайыс 4 бағыт бойынша өткізілді. Олар: Энергияның баламалы көзі, қоғамдық-әлеуметтік проблемалар, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың салалары.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Астанада жас ғалымдардың жобалар байқауы (YIPC) өтті. Дүбірлі доданы KATEV халықаралық қоғамдық бірлестігі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында қазақ-түрік лицейінің оқушылары арасында ұйымдастырды.

YIPC байқауы ҚР Презденті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" халыққа Жолдауы аясында ұйымдастырылды және жастардың зерттеу қабілетін арттыруға, жаңа және инновациялық технологияларды зерттеу бойынша ғылыми жобаларға дайындалуға септігін тигізуде.

Сайыс 4 бағыт бойынша өткізілді. Олар: Энергияның баламалы көзі, қоғамдық-әлеуметтік проблемалар, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың салалары.

2014 жылы байқауға 1000-ға жуық жұмыс ұсынылып, оның 437 жобасы таңдалып алынды. Ал, олардың тек 100 финалға өтті.

Байқауға қатысушылардың еңбегін түрлі салада жұмыс істеп жатқан белгілі ғалымдар, профессорлар бағалады.

Сайыстың соңында әр бағыт бойынша үздік деп танылғандар марапатталды. Ал, "Болашақ энергиясы" тақырыбы бойынша "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ арнайы жүлдесін Талдықорған қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы жеңіп алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны