01.07.2008, 11:41 1348

Астанада ел президентінің қатысуымен "Жастар" алаңында гүлзардың ашылу рәсімі өтті

Астанада ел президентінің қатысуымен "Жастар" алаңында гүлзардың ашылу рәсімі өтті

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Жастар" алаңында гүлзардың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Рәсімге, сондай-ақ, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Алматы әкімі Ахметжан Есімов, мәденет қайраткерлері, бұқара өкілдері, Елордасының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

"Жастар" алаңындағы гүлзар - Алматы әкімдігінің Астананың мерейтойына арнаған тартуы. Алаңның жобасын "Центр градостроительного проектирования" ЖШС, құрылысын "Гордорремстрой" СУ ЖШС салған.

Бұл аумақтағы реконструкциялық жұмыстар барысында Астанадағы күн райы ахуалына сәйкестендірілген жаңа үш субұрқақ пайда болды.

Жобаның құны 694 млн теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны