24.10.2006, 15:24 15605

Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан халықтары ассамблеясының сессиясы басталды

АСТАНА. 24-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті 12- сессиясы басталды,- деп хабарлайлы Kazakhstan Today тілшісі. Сессияның күн тәртібінде: "Ұлтаралық және конфессияаралық келісім - Қазақстанның қарқынды дамуы мен әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсатының басты алғышарты" тақырыбы талқыланады. Форумға Қазақстанда жұмыс істейтін барлық ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысуда. Делегаттар отандастарға арнап мәлімдеме қабылдайды деп күтілуде.

АСТАНА. 24-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті 12- сессиясы басталды,- деп хабарлайлы Kazakhstan Today тілшісі.

Сессияның күн тәртібінде: "Ұлтаралық және конфессияаралық келісім - Қазақстанның қарқынды дамуы мен әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсатының басты алғышарты" тақырыбы талқыланады.

Форумға Қазақстанда жұмыс істейтін барлық ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысуда. Делегаттар барша отандастарға арнап мәлімдеме қабылдайды деп күтілуде.

Қазақстан халықтары ассамблеясының 11- сессиясы 2005-жылдың 22қарашасында өтіп, ол "Бейбітшілік, ұлтаралық келісім мен жасампаздықтың 10 жылы" тақырыбына арналды.

Қазақстан халықтарының ассамблеясы - Қазақстан Республикасы президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы" Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда құрылған.

ҚХА-ның мақсаты - республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея: мәдени-ағартушылық - тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік - қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы - ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.И. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.

ҚХА бүгінге дейінгі қызметі барысында 11 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізеді.

Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Изербайжан, ассирия, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны