06.04.2012, 11:07 4263

Астанада электр энергиясы қымбаттады

"Жүргізілген сараптама қорытындысында, департамент "Астанаэнергосбыт" ЖШС үшін электр энергиясымен жабдықтаудың экономикалық негізделген тарифін 1 кВт/сағатына 10,67 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде, өтінімдегіден 8,43 пайызға төмендетіп, қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 23,6 пайызға өсумен келісті",- делінген хабарламада.

Астана. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Елордада электр энергиясының бағасы 1 сәуірден бастап 23,6 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл ақпаратты Астана қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр.

"Жүргізілген сараптама қорытындысында, департамент "Астанаэнергосбыт" ЖШС үшін электр энергиясымен жабдықтаудың экономикалық негізделген тарифін 1 кВт/сағатына 10,67 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде, өтінімдегіден 8,43 пайызға төмендетіп, қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 23,6 пайызға өсумен келісті",- делінген хабарламада.

Сонымен Астана қаласының тұтынушылары үшін "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның электр энергиясына орташа босату тарифі 2012 жылғы 1 сәуірден бастап, 1 кВт/сағатқа жеке тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 9,32 теңгені (ҚҚС-мен 10,44 теңге), басқа тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз 11,23 теңгені (ҚҚС-мен 12,58 теңге) құрады.

Сондай-ақ орташа босату тарифтеріне сүйене отырып, электр энергиясына сараланған тарифтер келісілді.

"Электр энергиясын босату бағасының өзгеруі энергия өндіруші ұйымдардың өзіне алған инвестициялық міндеттерінің деңгейіне тікелей байланысты. Бұл саясаттың іске асырылуы генерациялық қуаттарды кеңейтуге, қайта құруға және жаңадан салуға, түбінде энергия тапшылығына, тұтынушыларды электр қуатынан шектеуге, республика экономикасының дамуын тежеуге алып келуіне жол бермеу мақсатына бағытталған", - делінген ведомство ақпаратында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны