07.10.2015, 12:11 3887

Астанада электровозы ұрланған депо директоры жұмыстан қуылды

Елордада электровозды айдап, соныӊ ішінде қыз зорлау оқиғасынан кейін теміржолдағы тәртіпке жауаптылар жаппай қызметінен қуылып жатыр. Күллі елдіӊ жағасынан ұстатқан жәйттен кейін Астана локомотив депосыныӊ директоры жұмысынан алынды

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Елордада электровозды айдап, соныӊ ішінде қыз зорлау оқиғасынан кейін теміржолдағы тәртіпке жауаптылар жаппай қызметінен қуылып жатыр. Күллі елдіӊ жағасынан ұстатқан жәйттен кейін Астана локомотив депосыныӊ директоры жұмысынан алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы сюжеттен кейін Астанадағы еӊселі кабинеттерде шұғыл жиналыс өтіп, жауаптыларға шара қолданған. Исіресе, депо директоры мен "Локомотив" Акционерлік қоғамыныӊ көмекшісіне электровоз тізгінін ұстата салған машинист пен "Қазақстан темір жолына қарасты "Искерилендірілген күзет қызметініӊ" күзетшілері жұмыстан қуылды. Соӊғы мекеменіӊ осы шойын жолды қорғауға жауапты екенін айта кетейік. Ал депо жолында тұрған электровозды еш құжатсыз айдап әкеткен машинист көмекшісіне қатысты қылмыстық із қозғалды. Ол бөгде адамныӊ кіруіне тыйым салынған вокзал аумағына 3 досын ертіп, электровозды айдап әкеткен. Кейін, кабина ішінде 22 жасар қызды зорлағандар қазір қамауда отыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны