27.12.2016, 10:24 3765

Астанада еліміздегі еӊ ірі туберкулезге қарсы диспансердіӊ құрылысы аяқталды

Астанада Қазақстандағы және ТМД мемлекеттеріндегі ірі туберкулезге қарсы диспансердіӊ құрылысы аяқталды.

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстандағы және ТМД мемлекеттеріндегі ірі туберкулезге қарсы диспансердіӊ құрылысы аяқталды. Бүгін елорда әкімі Исет Исекешев Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ стандарттарына сәйкес салынған емдеу мекемесінде болды,- деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ірі медициналық мекеме Железнодорожный кентінде қырқыншы станцияға жақын орналасқан. Оныӊ құрылысы 2008 жылы басталған.

Жаӊа кешен төрт емдеу корпусынан тұрады: клиникалық-диагностикалық зертхана, бактериологиялық, тамақтану блогы, кір жуатын орын. Аурухана заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған, соныӊ ішінде: компьютерлік томография, рентген, шетелдік және жергілікті дәрігерлермен консилиум құруға, онлайн трансляция жүргізуге мүмкіндік беретін бейнеқондырғысы бар компьютерлік операциялық бөлмесі бар. Тағы бір артықшылық - 12 төсек орынға есептелген реанимациялық бөлімше, бұл елімізде жұмыс істейтін диспансерлердіӊ ішіндегі еӊ үлкен бөлімше саналады. Сондай-ақ, науқастарды бөлек орналастыратын палаталар бар. Кешен 500 науқасты қабылдай алады, оларға 1000 үздік маман қызмет көрсетеді.

Атап өтерлігі, статистикаға сәйкес, Астанада туберкулезбен ауыратындар саны төрт есе азайған. 2008 жылы 218 науқас болса, бүгінгі күні науқастар саны - 58 адам.

Диспансерді аралау барысында Исет Исекешев қысқа мерзімніӊ ішінде іске қосу-жолға қою жұмыстарын аяқтауды, абаттандыру және көлік қатынасы мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны