30.10.2018, 15:21 6861

Астанада Еӊбек күні мен Илеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай "Жалпыға Ортақ Еӊбек қоғамына қарай" республикалық форумы өтті

Форум аясында еӊбекшілердіӊ фото-көрмесі өтті, еӊбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді, сонымен қатар "Еӊбек жолы" және "Илеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер" республикалық конкурстарыныӊ жеӊімпаздарын салтанатты түрде марапатталды.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Астанада Еӊбек күні мен Илеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай "Жалпыға Ортақ Еӊбек қоғамына қарай" республикалық форумы өтті.

Салтанатты шараға Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Ибілқасымова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардыӊ, бизнес-қауымдастықтардыӊ, кәсіподақтардыӊ өкілдері қатысты.

Форум аясында еӊбекшілердіӊ фото-көрмесі өтті, еӊбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді, сонымен қатар "Еӊбек жолы" және "Илеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер" республикалық конкурстарыныӊ жеӊімпаздарын салтанатты түрде марапатталды.

Қазақстан Респуцбликасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ "Қазақстанды әлеуметтік жаӊғырту: Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамына қарай" атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Еӊбек күні белгіленгенін еске сала кету қажет.

Форумда сөз алған министр Мәдина Ибілқасымова еӊбек ардагерлері мен еӊбек әулеттерініӊ отбасылық тәлім-тәрбиесініӊ дәстүрлерін нығайтудағы өз саласыныӊ мамандарын даярлаудағы ерекше рөлін атап өтті. Ведомство басшысы елімізде әлеуметтік қорғау жүйесініӊ жетіле беретіндігіне тоқталып, еӊбек нарығындағы жаӊа талаптарға бейімделіп, қазақстандықтарға уақытында және толық қолдау көрсету қажеттігін назарға алды.

Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша 2014 жылы "Еӊбек ардагері" 2015 жылы "Еӊбек даӊқы" медалі бекітілді, сондай-ақ Министрлік Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамына қарай идеясын ілгерілету үшін 2016 жылы "Еӊбек жолы" конкурсын өткізе бастады.

Конкурс еӊбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізіледі. Онда "Үздік еӊбек әулеті", "Өндірістегі еӊ жас үздік жұмыскер" және "Жұмыс істейтін жастардыӊ үздік тәлімгері" сияқты үш номинация бойынша жеӊімпаздар марапатталады.

Биылғы жылы Құрманғалиевтер отбасы "Үздік еӊбек әулеті" номинациясында жеӊімпаз атанды. Барлық отбасы мүшелерін жекелеп есептегенде орман шаруашылығындағы еӊбек өтілі 458 жыл. Бұл отбасыныӊ 25 мүшесі төрт ұрпақ сабақтастығымен осы салада еӊбек етіп келеді.

Онлайн-дауыс беру мен репсубликалық комиссияныӊ шешімі бойынша Сотқаров Ибілқайыр Иутайұлы "Жұмыс істейтін жастардыӊ үздік тәлімгері" номинациясы бойынша жеӊімпаз болды. Ол Ақтөбе облысындағы "Казхром ТНК" акционерлік қоғамында металлург болып жұмыс жасайды.

"Өндірістегі үздік жас жұмыскер" номинациясында Атырау облысындағы "Доссормунайгаз" кәсіпорныныӊ жұмыскері Тұрсынбек Айбек Тұрсынбекұлы жеӊіске жетті.

Дәстүр бойынша Форум аясында Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен 2011 жылғы 20 қазанда бекітелген Илеуметтік қорғау жүйесініӊ қызметкерлері күні қарсаӊында сала қызметкелерін марапаттау рәсімі өткізіледі.

"Илеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер, зейнетақылар, медициналық және әлеуметтік мекемелер, жұмысқа орналастыру агенттіктері, еӊбек инспекциялары және басқа да әлеуметтік қорғау мекемелері адаммен қашанда бірге. Сіздердіӊ табанды еӊбектеріӊіз - мемлекеттіӊ өз азаматтары туралы қамқорлығыныӊ көрсеткіші. Бүгін біз шын жүректен алғыс айтамыз және барлық әлеуметтік қызметкерлерді ортақ мерекемен құттықтаймыз!" -деді министр.

Ағымдағы жылы Еӊбек және халықты әлекуметтік қорғау министрлігі "Илеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер" атағына ІІІ республикалық конкурсты өткізді. Илеуметтік саладағы келесі қызметкерлер республикалық комиссияныӊ шешімімен жеӊімпаз атанды:

"Зейнетақы жүйесіндегі үздік қызметкер" номинациясында - зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімініӊ басшысы Сұлтанғазиева Гүлжан Тілегенқызы (СҚО);

"Илеуметтік сала жүйесіндегі үздік қызметкер" номинациясында- "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ филиалыныӊ директоры Сабырова Айнагүл Мырзабекқызы(Ақмола облысы);

"Үздік әлеуметтік қызметкер" номинациясы бойынша - дефектолог Жартыбаева Бибігүл Ашықбайқызы (БҚО);

"Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме" номинациясында - "балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" қазыналық мемлекеттік мекемесі (Қызылорда облысы);

"Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым" номинациясында - "Амаль-Иман" қоғамдық қоры (Алматы қ.);

"Жұмыспен қамту орталығыныӊ үздік қызметкері" номинациясы бойынша - Жұмыспен қамту орталығынӊ маманы Кұбайдуллина Раушан Темірханқызы (Ақтөбе облысы);

"Илеуметтік саланыӊ үздік менеджер-ұйымдастырушысы" номинациясында - "Мүгедектерге арналған оӊалту орталығы" қазыналық мемлекеттік мекемесі директорыныӊ орынбасары Кенжебаева Гүлмира Айбасқызы (Қызылорда облысы).

"Медициналық-әлеуметтік сараптаманыӊ үздік қызметкері" номинациясында - медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімініӊ бас маманы Тілекина Ләззат Мырзақанқызы (Астана қ.);

"Үздік мемлекеттік еӊбек инспекторы" номинациясында -Ийтімов Ибдімәлік (Қызылорда облысы);

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ" үздік қызметкері номинациясында - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныӊ орталық филиалыныӊ бас маманы Ашмаханова Атамекен Айжарқынқызы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны