08.06.2016, 21:17 6430

Астанада Ермегиевтіӊ оӊ қолы атышулы Үсеновке кесілген жаза көпшіліктіӊ таӊданысын тудырды

Бұл өз кінәсін мойындаған "Экспо ісіне" қатысты айыпталушылар. Қажымұрат Үсенов бастаған 12 адам. Тағылған айыппен келісіп, тергеушілердіӊ жұмысын жеӊілдеткендіктен бұларға қатысты сот бөлек өткен еді. Енді бүгін жеӊіл жазаға үміттеніп келгендей. Десе де жүздерінен қатты қобалжу байқалады

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - Қажымұрат Үсенов айыпты деп танылып, абақтыға жабылды! Астана соты бүгін атышулы "ЭКСПО ісіне" қатысты айыпталушылардыӊ жартысына үкім шығарды. Бір қызығы сот прокурор сұраған жазадан тым жеӊіл жаза кесіп отыр. Өйткені айыпталушылар кінәларын мойындап, жеӊіл жаза сұраған екен. Сот осыны ескерсе керек, мемлекеттіӊ миллиардтарын жымқырды деп айыпталған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы төрағасыныӊ кеӊесшісі Қажымұрат Үсенов небары екі жыл алды. Ал, қалған 11 адамныӊ біразы айыппұлмен құтылса, еӊ ауыр жаза алғаны 3 жыл арқалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл өз кінәсін мойындаған "Экспо ісіне" қатысты айыпталушылар. Қажымұрат Үсенов бастаған 12 адам. Тағылған айыппен келісіп, тергеушілердіӊ жұмысын жеӊілдеткендіктен бұларға қатысты сот бөлек өткен еді. Енді бүгін жеӊіл жазаға үміттеніп келгендей. Десе де жүздерінен қатты қобалжу байқалады, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Көп күттірмей залға кірген судья еӊ бірінші Қажымұрат Үсеновке шығарған үкімін оқыды. "Экспоныӊ" экс-басшысы Талғат Ермегияевтыӊ оӊ қолы кісі қағып өлтірген ұлы Мақсат Үсенов секілді жазадан жеӊіл құтылды. Мемлекет ақшасын миллардтап жесе де, алған жазасы екі жыл.

Қажымұқан Мекемтас, судья:

-Үсенов Қажымұрат Қантайұлы кінәлі деп танылсын. 2 жылға бас бостандығынан айырылып, барлық дүние мүлкі тәркіленсін. Ирі "Құрмет" наградасы қайтарылып, өмір бойы мемлекеттік орындарда жетекші қызметін атқаруға тиым салынады.

Осыдан кейін, қарауыл сотқа үйінен келіп жүрген Үсеновтыӊ қолына кісен тағып, айыпталушы орнына қамап қойды. Қалған 11 айыпталушыға да айтарлықтай ауыр жаза кесілген жоқ. Жер телімдері, элиталық пәтер және қымбат көліктерінен айрылған олардыӊ төртеуі айыппұлмен құтылды. Ал, жетеуі темір торға қамалды. Негізі прокурорлар бұлардыӊ әрқайсына 7-10 жылдан сұраған болатын.

-Қазақстанда әділдік жоқ.

Десе де соттыӊ осы үкіміне де көӊілі толмай жылап шыққан сотталушылардыӊ жақындары жетерлік. Енді олар апелляциялық шағым түсірмек. Есесіне жазадан жеӊіл сытылған Үсеновтыӊ адвокаты көӊілді.

Үсеновтыӊ адвокатыныӊ бұлайша көӊілді болуына себеп бар. Өйткені, 2 жыл мерзімніӊ былтыр Үсенов қамауға алынғаннан бастап есептелетінін ескерсек, ол түрмеде ұзақ отырмайтын секілді. Ал, басты айыпталушылар "ЭКСПО-ныӊ" бұрыӊғы басшысы Талғат Ермегияев пен басқа топ менеджерлерге үкім ертеӊ шығарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны