26.06.2007, 15:35 2778

Астанада Еуразиялық су орталығы 2008-жылдың екінші жартысында салына бастамақ

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Астанада Еуразиялық су орталығы 2008-жылдың екінші жартысында салына бастамақ. Бұл туралы бүгін ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов "Еуразиялық су орталығы : ой-жоспардан іске дейін" атты "дөңгелек үстелден" кейін өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Орталық 2008-жылдың аяғында салына бастайды деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарына Ресейді тартпақшымыз",- деді министр.

Оның айтуынша, министрлік орталықты салу жұмыстарын қолға алған. Атап айтқанда, Еуразиялық су орталығын құру тұжырымдамасы жасалып, орталықты салуға арнап жер телімін бөлу мәселесі талқылануда.

Н.Ысқақовтың хабарлауынша, жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасауға Қазақстан 2008-жылы 50 млн теңге бөлуді көздеп отыр.

"Бұл орталық суды тұрақты даму проблемасы тұрғысынан қарастыратын бірегей ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік мекемеге айналуға тиіс",- деді министр. "Орталық ірі топжарғыш жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне экологиялық негіздеме жасау, ауыз судың сапасына қатаң стандарт жасап белгілеу, трансшекаралық тұрақты даму аймақтарын құруға ғылыми тұрғыда қолдау көрсету, судың сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу жөніндегі қазіргі заманғы зертханалық базаны қалыптастыру іс-қызметтерімен шұғылданады",- деді ол.

Еуразиялық су орталығын салу туралы идеяны алғаш рет президент Нұрсұлтан Назарбаев 28-ақпанда Қазақстан халқына арнаған жолдауында ортаға салған. Қазақстанның Астанада орталық салуға ниетін республика үкімет басшысы да ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 18-ші отырысында жария етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны