30.06.2018, 01:13 4370

Астанада Еуропа мен Азия стартаптары Астана күніне орай өз жобаларын көрсетуді жариялайды

3 шілде күні FintechStarsАстанада әлемніӊ барлық елдерінен стартаптар, инвесторлар мен кәсіпкерлерді, бизнес өкілдерін жинайды. Fintechstars бағдарламасы бойынша үш айлық оқуға іріктелген 9 стартап-командалар инвесторлар мен әріптестерініӊ ортасында өз жұмыстарыныӊ нәтижесімен бөліседі.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today -Қазақстан, Ресей, Украина, Швейцария, Грузия:Fintechstars халықаралық акселерация бағдарламасыныӊ қорытындысы.Бұл бағдарлама "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі- АХҚО) мен швейцариялық Seedstars компаниясы және MOST Бизнес-инкубаторы әріптестіктері аясында іске қосылды.

3 шілде күні FintechStarsАстанада әлемніӊ барлық елдерінен стартаптар, инвесторлар мен кәсіпкерлерді, бизнес өкілдерін жинайды. Fintechstars бағдарламасы бойынша үш айлық оқуға іріктелген 9 стартап-командалар инвесторлар мен әріптестерініӊ ортасында өз жұмыстарыныӊ нәтижесімен бөліседі.

"Демокүні" аясында өзара пікірталастар өткізіледі. Пікірталас жиынында спикерлік міндетті - ҚР Премьер-министрініӊ финтех-кеӊесшісі Аскар Жамбакин, венчурлық қордыӊ негізін қалаушы әріптестер Майкл Вебер мен Seedstars, Хусейн Канжи, сондай-ақ, Hoxton Ventures венчурлы қоры, Энис Хилли және де 500 startups инвестициялық компаниясыныӊ венчурлы әріптестері атқарады. Өз жобаларын таныстыру рәсімінен кейін жоба негізін қалаушылардыӊ инвесторлар мен әріптестерімен бетпе-бет кездесуге мүмкіндігі болады.

Бағдарламаны финтех саласын дамыту және әлемдік өндіріс саласымен өзара байланыс орнату мақсатында 2018 жылы "Астана" халықаралық қаржылық орталығы жүзеге асырды.

АсельЖанасова, "АХҚО әкімшілігі" АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры:

"Акселерациялық бағдарлама инновациалық мәселелерді шешу үшін және әлемдік финтех-компаниялардыӊ өзара байланысын нығайту мақсатына негізделген. Акселерациялық бағдарламаныӊ басты мақсаты - қаржылық технология саласында жүрген кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады. Қазақстанда SeedStars секілді үлкен тәжірибеге қол жеткізген, стартап-жобалармен жұмыс істеуге машықтанған ірі компаниямен бірлесе отырып осындай акселерациялық бағдарламаны жүзеге асыру қаржылық технологиялардыӊ экожүйесін дамыту бойынша үлкен мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді".

РегинаОверчик, Fintechstars, Seedstars акселерациялық бағдарламасыныӊ менеджері:

"Біз 30 елдіӊ стартап-командаларынан түскен жалпы 144 өтінімніӊ тоғызын іріктеп алып, осы командалардыӊ әрқайсысына 20 мыӊ АҚШ доллары көлемінде инвестиция салдық, сонымен қатар жекелеген және халықаралық менторлар бұл командаларды үш ай оқытты. 3 шілде күніDemoDay кезеӊінде бағдарлама аясында жүзеге асырылған жетістіктер мен нәтижелерге баға беріліп, жобаға қатысушылар инвесторлар мен әріптестермен арнайы кездеседі. Бағдарламаныӊ соӊында компаниялардыӊ жұмысы Seedstars портфелінде қалып, осы арқылы ішкі ресурстар мен ауқымды нетворкинг пен менторларға қол жетімділік мүмкіндігі беріледі".

Соӊғы үш ай көлемінде әлемніӊ түкпір-түкпірінен стартап бойынша іріктеліп алынған тоғыз команда отандық және халықаралық бизнес қауымдастық саласыныӊ мамандарынан білім алып, оқыды. Google, Telr, ChocoFamily, Банк Qazkom, Kcell, MasterCard Kazakhstan, 500 startups, Calcey Technologies, Digital Ventures және басқалары стартап менторлары болды.

Тіркелуге арналған сайт -www.astanafindays.org

Аккредитация үшін - 8701 245 2371 телефонына АсельСейдахметоваға хабарласуға немесе [email protected] поштасына жазуға болады.

Стартап-қатысушылары:

SmartPay

Төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған POS-терминалдар, мобильді қосымшалар мен әртекті бағдарламалар көмегімен төлем түрлерініӊ кез келген түрін қабылдауға арналған технологияларға қолжетімді төлем мүмкіндігін жүзеге асырудыӊ шешімі. Қазақстан.

Ules

Р2Р, инвесторларға жоғары түсім алуға мүмкіндік беретін, ал қарыз алушыға банк ұсына алмайтын басқа да қаржылық көмек түрлеріне қолжетімдділікті қамтамасыз ету платформасы. Қазақстан.

Otbasy | Business

Шағын және отбасылық несиелердіӊ мақсатсыз, қысқа мерзімдік онлайн-платформасы. Қазақстан

Online

Booking

Шағын және орта өнеркәсіптердіӊ онлайн-төлем жүргізуін қамтамасыз етуге қажетті басқару жүйесі. Қазақстан

QR PayTechnologies

QR-код арқылы төлем жасаудыӊ шешімі. Қазақстан

QuickCash

Скоринг алгоритмі мен MSME арналған несиелік айналым капиталыныӊ андеррайтинг платформасын онлайн режимінде 5 минутта шешуге мүмкіндік. Грузия.

PandaMoney

Балаларға қаржылық сауаттылықты оқытудыӊ мобильді банкі. Ресей.

MosstPayments

Өз қолданушыларыныӊ кез келген штрих-кодты электронды коммерцияға ақы төлеуге автономды жекелеген желілерде төлем жасауына мүмкіндік беретін мобильді шешім. Украина.

QuickCheck

Жеке тұлғаларға Нигерияда кепілсіз азырақ көлемде қарыз беретін және банктік қызмет көрсетуші микро-кредитті онлайн-банкинг. Швейцария.

Анықтама ретінде:

АХҚО. Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев 2015 жылы "Астана" Халықаралық қаржылық орталығын (ХҚОА) құру туралы Конституциялық Заӊға қол қоды. АХҚО-ныӊ негізгі мақсаты халықаралық деӊгейдегі қаржы орталығы қызметін жүргізу болып табылады. Алғаш рет посткеӊестік елдер ішінде осылайша ағылшын тіліндегі ағылшын құқығына негізделген қаржы орталығы өз жұмысын жүргізуді бастады. АХҚО-ныӊ негізгі міндеті - еліміздіӊ эконмикасына қолайлы жағдай жасай отырып, ел экономикасын дамыту мақсатында, қаржы саласында, Қазақстан Республикасыныӊ құнды қағаздар нарығында оныӊ интеграциясын халықаралық нарық капиталына сәйкес қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар АХҚО еліміздегі сақтантыру нарығын, банктік қызмет көрсету мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуды мақсат етеді.

Seedstarsдамыған нарықта адам өміріне технология мен кәсіпкерлікті біріктіре отырып ықпал етуге бағытталған швейцариялық топ. Seedstars мүдделі топтарды бірімен бірін және жаӊадан құрылған компанияларды мемлекет пен жеке әріптестермен байланыстырып, экожүйе бойынша жоғары өнім беретін стартаптарды қаржыландырады. Seedstars топтары мыналардан тұрады: Seedstars World, стартаптардыӊ халықаралық байқауы; Seedstars Growth, үш айлық виртуалды жылдамдық бағдарламасы; Seedspace, коворкинг желісі мен 35 елде бірге тұруды және Seedstars Academy, жергілікті кәсіпкерлерге тұрақты бизнес құруды үздіксіз үйрететін алты айлық дайындық.

Бизнес-инкубатор MOSTкәсіпкерлікті құру және дамыту ортасы. Компанияныӊ мақсаты халықаралық қауымдастықта жаӊа буын өкілдерінен мықты кәсіпкерлерді дайындап шығару. Компанияныӊ жұмысы негізгі мына бағыт бойынша жүреді: жас кәсіпкерлерді оқыту мен оларға кеӊес беру, қаржылай қамтамасыз етуге қолжетімділік пен үйрету.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны