13.06.2017, 15:06 3777

Астанада Еуропалық кинофестивалі басталды

14-16 маусым аралығында Астанада Қазақстанда Еуропа күнін атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтуде. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердіӊ үздік кинофильмдері ұсынылады.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - 14-16 маусым аралығында Астанада Қазақстанда Еуропа күнін атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтуде.

Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердіӊ үздік кинофильмдері ұсынылады.

Фестиваль бағдарламасына Чехия, Австрия, Швеция, Эстония, Испания, Словения, Германия, Франция, Нидерланды, Литва, Румыния, Словакия және Латвия елдерінде түсірілген 13 фильм кірді.

Кино туындылары арасында әртүрлі жанрдағы кино саласындағы халықаралық марапаттардыӊ жүлдегерлері мен үміткерлері бар, атап айтқанда, 1987 жылғы "Оскар" сыйлығыныӊ үздік шетелдік фильм аталымына үміткер - "Деревенька моя центральная" фильмі (Чехия), Еуропа киноакадемиясыныӊ жүлдегері, 10 "Гойя" сыйлығыныӊ иегері - "Миниатюрный остров" (Испания) фильмі, Румыния кинематографистер одағы сыйлығыныӊ иегері - "Обезглавленный петух" фильмі және көптеген басқалары.

14 маусым күні фестиваль ашылуында көрермендерге Финляндия, Эстония мен Германия бірігіп түсірген "Фехтовальщик" фильмі көрсетіледі. 2015 жылы аталмыш фильм "Алтын глобус" сыйлығыныӊ шетел тіліндегі үздік фильм аталымына ұсынылды, ал 2016 жылы Финляндияныӊ ұлттық "Юсси" киножүлдесініӊ 2015 жылғы үздік фильмі атағын иеленді Шараныӊ ашылу салтанатына Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ Басшысы, Елші Траян Христеа, Финляндияныӊ Қазақстандағы Елшісі Илкка Рэйсанен және Эстонияныӊ Уақытша сенімді өкілі Питер Миллер қатысады. "Біздіӊ жыл сайын ұйымдастырылатын еуропалық кинофестивальдеріміз - Еуроодақтыӊ "бірлік - саналуандылықта" ұраныныӊ көрінісі.

Фестиваль бағдарламасында әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылған - көкейтесті, өмірдегі еӊ маӊызды мәселелерді қозғайтын, әрі, еӊ бастысы, қызықты туындылар. Еуропалық кино ондағы әсерлі, өзіндік ерекшеліктерге толы оқиға желісімен және баяндалатын оқиғалардыӊ өзектілігімен өзгеше.

Кинофестиваль, игі дәстүрге айнала отырып, Қазақстандағы Еуропа күнін атап өту шарасыныӊ керемет аяқталуына мұрындық болатынына, сонымен бірге, еуропалық болмыс әлеміне саяхаттауға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп атап өтті Елші Траян Христеа.

Фестивальдіӊ қорытынды күні, 16 маусымда, қазақстандық режиссер Катерина Суворованыӊ "Завтра море" фильмініӊ көрсетілімі, сондай-ақ, режиссердіӊ көрермендермен кездесуі өтеді. "Завтра море" деректі фильмі бұрынғы Арал теӊізі жағалауы тұрғындарыныӊ өмірі туралы баяндайды. Фильм Роберт Бош атындағы неміс қоры тағайындайтын грант жүлдегері болып табылады. Фильмніӊ тұсаукесері 2016 жылы тамызда Локарно кинофестивалінде өткен болатын. Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Кіру тегін.

Кинофестивальдіӊ толық бағдарламасы Қазақстандағы Еуроодақтыӊ Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған - @euinkz

Анықтама

Еуропа күні - Еуропалық одақ елдерінде жыл сайын өтетін бейбітшілік пен бірліктіӊ мерекесі. Еуропа күні 9 мамырда аталып өтеді. Бүгінгі таӊда Еуропалық Одақ - бұл 28 мемлекеттіӊ экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропа күні мерекесі Еуроодақтыӊ туы, әнұраны және бірыӊғай валютасы-еуромен бірге Еуроодақтыӊ бөлінбес нышандарыныӊ бірі болып табылады. Биылғы мерейтой жылында Еуропа өткенді мақтан тұтып, болашаққа үміт артады. 60 жыл барысында бейбіт ынтымақтастық, құрмет, еркіндік, демократия, теӊдік және еуропалық елдер мен халықтар арасындағы ынтымақтастыққа атсалысушы Одақ құрылды.

Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтыӊ шеӊберінде де ЕО саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамыту, институционалдық реформаларды ілгерілетуді жалғастыруға ниетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны