08.03.2018, 18:40 5980

Астанада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінен арналған мерекелік іс-шара өтті

Астана. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінен арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабыныӊ басшылығы, Қазақстан Қарулы Күштерініӊ ардагерлері және шақырылған меймандар қатысты.

"Бүгінде әйел әскери қызметшілер Қарулы Күштердіӊ барлық түрлері мен әскер тектерінде ұсынылған. Олар ерлермен иық теӊестіріп, қолдарына қару ұстап жауынгерлік кезекшілікке түседі, әртүрлі лауазымдардағы міндеттерді орындайды және барлық жерде өздерініӊ әскери борышын үлгілі орындайды. Жоғары кәсіби сәттіліктерге қол жеткізіп, Сіздер әсемдік қалыптарыӊызды жоғалтпай, отбасылық тыныштықты сақтап, болашақ ұрпақтыӊ қамын ойлайсыздар. Сіздерді көктемніӊ шуақты мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, мәӊгі жастық шақ, сұлулық пен жұмыста табыс тілеймін", - деп ҚР Қорғаныс министрі қазақстандық армияныӊ қырмызы аруларын құттықтады.

Салтанатты шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындағандары үшін бірқатар әйел әскери қызметшілерге құрмет грамоталары мен медальдар табыс етіліп, сондай-ақ мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.

Салтанатты құттықтау рәсімі мерекелік концертке ұласты. ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықтыӊ сахнасында Орталық әскери ансамбльдіӊ әртістері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Шығармашылық ұжымдар әйел әскери қызметшілерге арнап отандық және шетелдік сазгерлердіӊ музыкалық шығармаларын орындады. Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Қарулы Күштерініӊ барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде дәстүрлі түрде мерекелік шаралар өтуде. Үздік әйел әскери қызметші офицерлер мен сержанттарды атап өтіп, қазақстандық армияныӊ нәзік жанды аруларын құттықтап, марапат көрсетілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны