27.03.2007, 17:49 3400

Астанада халықаралық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көрмесі өтеді

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада наурыздың 28-і мен 30-ы аралығында "E-Kazakhstan" атты халықаралық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көрмесі өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл көрмеде компания-экспоненттер ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы соңғы жетістіктерді ұсынады",- деді Қ. Есекеев.

"Көрмеде тек коммерциялық компаниялар ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық технология саласындағы жетістіктері де ұсынылады",- деп атап өтті ол.

Ақпараттану және байланыс жөніндегі агенттігі басшысының пікірінше, көрме "үкімет басшысының қойған "электронды үкімет", электрондық сервис және электрондық қызмет көрсету жөніндегі мәселелерін жүзеге асыруға байланысты жетістіктерді жұртшылықтың назарына кеңінен ұсынуға " мүмкіндік береді.

Көрмені ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Е-үкімет" өкілетті орталығы болып табылады.

Көрмеге 10 мемлекет және 50-ден астам компаниялар қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны