25.03.2007, 18:46 3682

Астанада халықаралық оқу конгрессі өтеді

АСТАНА. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада 18-19-сәуірде "Оқиын ел - бәсекеге қабілетті қоғамның негізі" атты халықаралық оқу конгрессі өтеді. Бұл туралы бүгін еліміздің мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Ержан Бабақұмаров баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Конгресстің басты мақсаты - кітап оқуды мәдениеттіліктің бір құрамды элементі, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыру құралы, қоғам мен жеке тұлғаның әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру құралы ретінде жан-жақсы қолдауға септігін тигізу", деді вице-министр.

Конгресті мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның кітапханалары қауымдастығы Кітапханалар қауымдастықтарының халықаралық федерациясының басқаруымен өткізеді.

Конгресс жұмысына әілемнің 12 елінің шығармашы және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.

Шараға қатысушылар "Балалардың кітапқұмарлығы", "Оқитын ел", "Электронды ресурстар" және Кітапханалар қауымдастықтарының халықаралық федерациясының "Кітап оқу -қауіпті құрал ретінде" атты секциясы деген төрт бөліммен жұмыс істейді.

Е.Бабақұмаровтың айтуынша, конгресс шеңберінде қазақтсандық кітаптардың көрмесі өтеді. Онда "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар, Еуразия ұлттық университетінің "Отырар" ғылыми орталығының қорындағы сирек кітаптары көрермен назарына ұсынылады. Сонымен бірге Ресейдің мемлекеттік өнер кітапханасының қорынан "XVIII - XIX ғасырлардың көркемсуретінде бейнеленген Ресей халықтарының киімдері" атты көме ұйымдастырылмақшы. Сонымен бірге шараны ұйымдастырушылар Ресей балаларының арасында "Қазақстанға назар сал" тақырыбы бойынша байқау жарияламақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны