25.10.2016, 18:29 3706

Астанада "ХХІ ғасырдағы Ветеринария: мәселелері, әдістері, шешімдері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Астанада Қазақстандағы ветеринарлық гельминтологияныӊ негізін салушы, ветеринария ғылымдарыныӊ докторы, профессор Нұрғали Тәсілұлы Қадыровтыӊ 100 жылдығына арналған "ХХІ ғасырдағы Ветеринария: мәселелері, әдістері, шешімдері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ніӊ Баспасөз қызметі.

Астана. 25 қазан. KazakhstanToday - Астанада Қазақстандағы ветеринарлық гельминтологияныӊ негізін салушы, ветеринария ғылымдарыныӊ докторы, профессор Нұрғали Тәсілұлы Қадыровтыӊ 100 жылдығына арналған "ХХІ ғасырдағы Ветеринария: мәселелері, әдістері, шешімдері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ніӊ Баспасөз қызметі.

Конференцияға ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Г.С.Исаева, "С.Сейфуллин атындағы КазАТУ" АҚ басқарма төрағасы А.К.Күрішбаев, Германияныӊ, Қазақстанныӊ жетекші ғалымдары, мал шаруашылығы саласы мамандары мен бизнес-ұйымдарыныӊ өкілдері қатысады.

Анықтамалық ақпарат: Қадыров Нұрғали Тәсілұлы (1916-2001 жж.) - ветеринария ғылымдарыныӊ докторы, профессор, Қазақстанда гельминтология ғылымыныӊ негізін қалаушы, Ресей ғылым академиясыныӊ гельминтологтар қоғамыныӊ толық мүшесі. Нұрғали Тәсілұлы Қазақстанныӊ алғашқы гельминтологтардыӊ бірі болды. Елімізде бұрындары емі жоқ деп есептелген қой мен ешкініӊ еӊ маӊызды паразиттік ауру түрлерін емдеудіӊ тәсілдерініӊ табылуы, олардыӊ патогенезі, диагностикасы және олардыӊ емдеу жолдары анықталды.Сондай-ақ,жылқы шаруашылығындағы стронгилятозды болдырмау үшін тиісті шараларды әзірлеу сынды ғылымдағы іргелі жұмыстар осы кісініӊ есімімен байланысты.

Солтүстік және Орталық Қазақстан жылқыларыныӊ гельминттері зерттеліп, олардыӊ 31 түрі анықталып, мал гельминттер фаунасы жасалды. Ғалымныӊ зерттеулерініӊ нәтижесі елімізде ғана емес, Үндістан, Венгрия, Чехия, Словакия, Болгария, Германия елдерінде де танымал.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 2016 жылдыӊ 27 қазанында сағат 09.30-да С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Астана қаласы, Жеӊіс даӊғылы, 62, бас ғимаратта өтеді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны