20.09.2011, 17:45 3645

Астанада II Ислам қаржыландыру форумы басталды

Ислам қаржыландырудың Қазақстандағы дамуы бүгін Астанада басталған форумда әңгіме өзегіне айналған.

Астана. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада II Ислам қаржыландыру форумы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Ислам қаржыландырудың Қазақстандағы дамуы бүгін Астанада басталған форумда әңгіме өзегіне айналған.

ІІ Ислам қаржыландыру форумы - экономикалық өсімнің қосымша ресурстарын қарастыратын Қазақстан үшін пайдалы, - дейді сала мамандары. Ирі Ислам қаржыландыру жүйесі өзінің тұрақтылығымен тартымды екені белгілі. Қазақстанда исламдық қаржы жүйесін енгізуге қатысты бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Парламенті қолданыстағы заңнамаларға елімізде шариғат қағидаларына сүйенетін банктің қызмет етуіне және дамуына мүмкіндік беретін, банк және салық төңірегінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізген еді. Халықаралық деңгейдегі сала мамандарының бас қосуымен өткен форумда Исламдық қаржыландырудың Қазақстандық бағытын кеңейту мүмкіндіктері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны