26.04.2012, 10:42 4076

Астанада ІІІ Халықаралық гүлдер көрмесі ашылды

Көрмеге 33 отандық және 30-дан аса шетел компаниясы, оның ішінде Голландия, Германия, Кения, Колумбия, Ресей, Эквадор, Франция және Грузиядан келген әлемдік гүл өндіруші фирмалардың өкілдері қатысты.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Астанада "Аstana Flor Expo-2012" ІІІ Халықаралық гүлдер және ландшафты дизайн көрмесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көрмеге 33 отандық және 30-дан аса шетел компаниясы, оның ішінде Голландия, Германия, Кения, Колумбия, Ресей, Эквадор, Франция және Грузиядан келген әлемдік гүл өндіруші фирмалардың өкілдері қатысты. Жобаның негізгі мақсаты - елордадағы бау-бақша мен саябақ құрылысы, ландшафты архитектура және көгалдандыру саласын дамыту үшін әлемдік гүл өсірушілер мен осы саланың білікті мамандарымен тәжірибе алмасып, Астананы гүлдендірудің жаңа жобаларын жасау. Эквадор Республикасынан келген "Royal Flowers" компаниясының директоры Петер Кертеч Халықаралық көрмеге биыл екінші рет қатысып отыр екен. Көрмеге Оңтүстік Америкадан арнайы 2000 мың гүл әкеліпті.

"Мен бұл көрмеге 38 түрлі, екі мың гүл әкелдім. Маған Сіздердің Астаналарыңыз қатты ұнады. Қазақстанмен 12 жылдан бері гүл саудасында әріптестік байланыстамыз. Бұл көрмеге биыл екінші рет қатысып отырмын. Болашақта да қарым-қатынасымыз жалғаса бермек", деп мәлім етті ROYAL FLOWERS" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Петер КЕРТЕЧ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны